4-ші тапсырма: Ядро құрылысында фиксацияның әсерін көрсететін
препараттарды көру.
Фиксация - деп зерттеу барысында тірі клетканың даму процесінің қажетті кезеңін
белгілеу үшін, химиялық ертіңділер арқылы өсу процесін тоқтату.
Зерттелетін препараттар тышқан бауыр клеткасын әр түрлі фиксаторлармен
(осмийдің төрт тотығы, Ценкер ертіндісі,
Флеминг ерітіндісі, сузи) фиксациялайды.
Клетка ядросы ацетокарминмен боялған. Препараттарды иммерсиялық обьективпен
(90*15) қарау қажет.
1.
Бауыр клеткаларын осмийдің төрт тотығымен фиксация жасағанда
препаратта,
ядро теп-тегіс, ядрошығы болады.
2.
Бауыр клеткаларын Ценкер ертіндісімен өңдеген препаратта құрамында
"Сулема" болғандықтан ядрода хроматин жіпшелері көрінеді. Ядрошық дөңгелек.
3.
Бауыр клеткаларын Флеминг ертіндісімен өңдеген препаратта,
құрамыңда сірке қышқылы
болғандықтан хроматин жіңішке, ядро бетінде бірдей
таралған. Ядроның формасы хроматинге қарағанда дөңгелек.
5-ші тапсырма: Ядро пішінінің әртүрлілігін анықтайтын
препараттарды көріп, суретін салу.
1. Тышқан ішегінің
эпителий клеткасындағы ядро, клетка формасы цилиндр
тәрізді, базальді бөлігінде ядро орналасқан. Ол овальды, ірі, хроматині кіші және үлкен
түйіршіктерге бөлінген. Ядрошығы дөңгелек.
2. Тышқанның тегіс бұлшық ет клеткасының ядросы.
Клетка формасы ұзынша,
созылыңқы, таспа тәрізді, ұшы үшкірленген. Ядросы клетканың формасына сәйкес
созылыңқы. Ядрода 1-2 ядрошық көрінеді. Хроматин түйіршіктері әртүрлі формалы.
3. Лейкоциттердің ядросы. Препаратта эритроциттер көрінеді. Олардың формасы
сопақша және көк түске боялған ядросы бар. Лейкоциттер
препараттың шет жағына
орналасқан. Лейкоциттер эритроциттерге қарағанда ірі, клеткалары дөңгелек.
Лейкоциттердің ядросы сегменттелген 3-4 бөлімнен тұрады.
4. Өсімдіктер клеткасының ядросы. Өсімдіктер клеткасының ядросы
құрылысы жағынан жануарлар клеткасынан айырмашылығы жоқ.
Өсімдіктер клетка
ядросының ерекшелігі, ондағы хроматин жіпшелерінің орналасуы. Препараттарды
талдау жасау кезінде студенттер осы ерекшелікке көңіл аударуы қажет.
Бұдан
басқа ядро құрамында хроматинді тор хромоцентр болады. Ол ядрошықтың жанында
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: