Оқушылар:
көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін түсіндіруді;
көптаңбалы сандарды бір таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді түсіндіруді біледі.
Пәндік лексика және терминология.
көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттері;
көптаңбалы сандарды бір таңбалы сандарға қалдықпен бөлу.
Диалогқа / жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы сөздер топтамасы
Талқылау: Көптаңбалы сандармен есептеулер қалай жүргізілгенін түсіндір.
Жазу:
Көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен
бөлудің жазылуы.
Алдыңғы білім
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу.
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды. М күлкінің маңызына тоқтайды.
Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.