Сабақ тақырыбы: «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. Критериалды бағалау»



бет4/5
Дата06.01.2023
өлшемі26,08 Kb.
#60534
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Критериалды бағалау

Тәжірибелік жұмыс: тақырып бойынша бағалау критерилерін жасау.
2. Сабақтың кезеңдері.
а) Репродуктивтік деңгей
Бірінші деңгей (В.П. Беспалько бойынша) – оқушылық (өнімсіз – репродуктивтік деңгей: мемлекеттік стандартта анықталған мазмұнның ең аз қажетті көлемін қамтиды). Бұл деңгейде оқушылар Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс алғашқы «Білу» қадамына сәйкес репродуктивтік әрекеттер жасайды. Сабақтың екінші кезеңінде қарастырылған ұғымдарды, түсініктерді, аксиомаларды, даталарды, т.б. фактілер, ақпараттарды білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не? қашан? қайда? қалай? құрылымы қандай?, аяқта, толықтырып жаз. т.с.с.
Мысалы, тапсырмалар шарты: Бос орынға қажетті сөздерді жаз . (Асты сызылып курсивпен жазылған жауаптардың орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады. Шартты түрде әр деңгейдің бір тапсырмасы бір баллмен бағаланады).
б) Синектикалық кезең әрекеттері
Екінші кезең – синектикалық бөлімде топтық жұмыс барысында түрлі интерактивті әдістер немесе зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты өз бетімен меңгерту жұмыстары ұйымдастырылады. Зерттеушілік әдістің қадамдарының (тәсілдерінің) орындалу реті Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» негізіндегі аралық мақсаттардың (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, баға беру, яғни рефлексия жасау) орындалу ретімен сәйкес келеді. Бірақ мақала авторының докторлық диссертациясында дәлелденгендей, бұл жерде олардың реті ауыстырылып жүзеге асырылады: білу, түсіну, талдау, жинақтау, қолдану, баға беру. Бұған негіздеме: алдымен мақсаттар тізбегіндегі алғашқы төрт қадам арқылы тақырыптың теориялық бөлімін меңгерту, содан кейін оны практикада бекіту көзделеді. (Оқушы дәптерінде асты сызылған курсив сөздердің орнына бос орын қалдырылады).
в) ІІІ кезең кері байланыс - бағалау кезеңі
Келесі кері байланыс – үшінші кезеңде Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» негізіндегі аралық мақсаттарға (білу – түсіну – қолдану – талдау – жинақтау – рефлексия жасау) сәйкес біртіндеп тереңдетілген және күрделендірілген, сондықтан сапасы әр түрлі үш деңгейлік тапсырмалар іріктелінеді
Екінші деңгейде меңгерілетін мазмұн критерийлері Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс екінші «Түсіну» қадамына сәйкес тапсырмалар: а) бірінші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмалар. Қолданылатын сұрақтар түрі: оқушының бірінші деңгейде берген әр жауабына: неге? неліктен? себебі неде?, түсіндір сияқты сөздер қатыстырылған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгейде Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс бесінші «Жинақтау» қадамына сәйкес білімді қорытындылауға бағытталған тапсырмалар беріледі: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, тақырыптың басты идеясын кесте, тірек-сызба, сөзжұмбақ түрінде бер, ребус шеш сияқты сөздер тапсырмалар шартында болу керек. Егер үшінші деңгейде екі ғана тапсырма болса, онда әр тапсырмаға 1,5 балл 1,5 балл берледі (жоғарыдағы 3-деңгей тапсырмаларын қара).
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет