Сабақтың басы
|
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті теңдігінің оң жақ және сол жақ бөліктерінің орындарын ауыстырсақ:
теңдігі шығады. Мұндағы: – ортақ көбейткіш.
Мұндай жағдайда «ортақ көбейткішті жақша сыртына шығардық», - дейді.
Демек, қосындысын көбейтіндісі түрінде жазуды ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару деп атайды.
№5-Мысал.
.
Мұндағы: 11 саны – ортақ көбейткіш.
|
Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы байланысы арқылы шолу сұрақтары қойылады:
Жақшаларды ашу дегеніміз не?
Қандай өрнектер теңбе-тең болады?
Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті қандай?
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару дегеніміз не?
Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіреді және «+», «-», «?» бойынша бірін-бірі бағалайды. Сосын, әркім өз дәптерлерін алып, «-» және «?» тұстарын сыныппен бірге мұғалім нұсқаулығы бойынша талқылайды.
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
|