Сабақ тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау»



бет5/6
Дата29.03.2023
өлшемі118,55 Kb.
#77153
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен. Сөз дәлдігі

3 – тапсырма. «Италияда Колизей, Францияда Эйфель мұнарасы. Ал Қазақстанның інжу-маржаны -Бурабай» деген оймен келісесіз бе? Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойынызды дәлелдеп «келісу, келіспеу» эссесін жазыңыз.
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 83 510 га, оның ішінде орман алқабы 47 361 га, жер беті сулары 8 493,5 га. Климаты шұғыл континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура -16,70С, шілде айының орташа температурасы +18,60С.
Саябақ аумағына Үлкен және Кішкентай Шабақты, Бурабай, Шортан, Қатаркөл, Майбалық т.с.с. он төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты, Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар.
Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің 305 түрі бар. Оның 87 түрі сирек кездесетін я жойылуға жақын.
Жайқалған ағаштардың 65%-ын қарағай, 31%-ын қайың, 3%-ын көктерек, 1%-ын бұталы өсімдіктер құрайды. Тау қыраттарының үгілуі мен желдің әсерінен Бурабайда Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Бүркіт, Түйе, құдыр, Сфинкс сияқты ерекше тас мүсіндер пайда болған.
Дескриптор

Өз жауабыңызды біздің нұсқамен салыстырыңыз:
Бурабайдың табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды жер екені белгілі. Сондықтан Бурабайды Қазақстанның інжу- маржаны деген оймен келісуге болады. Өсімдіктердің 757 түрі кездеседі екен. Оның 12 түрі Қызыл Кітапқа енген.
Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10 000-15 000 теңгені құрайды.Бұл тым қымбат деп білемін. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды. Мен де 6-сыныпта сондай лагерьде демалғанмын. Бұл аймаққа денсаулығын түзету мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай демалыс орындарында спорт кешендері орналасқан, экскурсиялық бағдарламалар жүргізіледі. Көктем айларында балық аулау маусымы басталады. Бірақ Бурабай көлдері мен өзендерінде балық аулау үшін алдын ала рұқсат қағазын сатып алу керек. Қорыта келе, Бурабайдың жанға шипа, дертке дауа ауасын халыққа қолжетімді ету жолдарын қарастыру керек дер едім. Сонымен бірге ішкі сервистің төмендігінен қазақстандық танымал тұлғалардың шетелге кететінін көп естідім, егер қызмет көрсету сапасы жақсарса, өзіміздің інжу-маржанымыздың пайдасын өз халқымыз игілігіне тұтынар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет