Сабақ тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау»



бет4/6
Дата29.03.2023
өлшемі118,55 Kb.
#77153
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен. Сөз дәлдігі

2—тапсырма. «Бурабай туралы аңыздар» тақырыбында ізденіп, презентация дайындаңыздар. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу талаптарын сақтап, сыныпта қорғаңыздар.
Дескриптор:
-Бурабай туралы кемі бір аңызды қамту;
- Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу талаптарын сақтап қорғау.
Ықтимал жауап
Ұйқыдағы жауынгерге ұқсайтын Жеке батыр тауы туралы да көптеген аңыздар бар. Бұрын осы жерлерде ірі денелі, өте мықты батыр өмір сүрген. Ол өзінің туған өлкесін ауыл-ауылдарды талқандап, халқын тонап кететін жаулардан қорғаған. Айбынды батырды қарсыластардың ешқайсысы жеңе алмаған екен. Бірде батырға қастандық ойластырған қаскөйлер жауынгер тынығып жатқанда, оған жасырынып кіріп, пышақтап кетеді. Сөйтіп, халқын жаудан қорғаған батыр ұйықтап жатып, мәңгі ұйқыға кетті. Жеке батырдың рухы әлі де сол жерді қорғап жүр дейтін аңыздар осыдан тараған.
Әрине, бұл жердің Бурабай аталуына негіз болған тау туралы аңыздар көп. Ежелгі замандарда бұл тауларда – Бура деп аталатын тәкаппар, ешкімге бағынбаған, жалғыз өзі ғана жүретін ақ түйе мекендеген. Бұл екі өркешті түйе биік, күшті және әдемі болды. Ал жүні қалың, аппақ болған деседі. Бірақ, бұл үлкен түйе – ешкімге жақындамай, ешкімге бағынбай, әрдайым еркін жүрді. Оның жылы үйі Көкшетау ормандарының қалың бұталары болды. Сондай-ақ, ол суының тазалығы мен мөлдірлігі үшін халық арасында Күміскөл деп аталып кеткен көлден ғана су ішкен. Бір қызығы, ақ түйе (Бура) күміс көлден су ішуге түс уақытында ғана келетін. Және ол онда әрдайым бір жолмен ғана жүріп келген екен.
Бірақ, Бура қарапайым түйе емес, қасиетті болды. Ол басқыншылардың келе жатқанын алдын ала сезіп, қатты дауысымен адамдарға жат біреулердің шабуылы туралы ескертетін. Бура ханға ауру жақындап келе жатқанын да сезетін, және сол күндері ол тым мазасыз болатын. Ақ түйе беймаза күндердің алдында қатты бақырып, тынымсыздана бастайды. Ал түйенің даусын естіген халық алда болатын ауыртпалыққа алдын-ала дайындалатын болған. 
Бірде сарқырамаға тоқтаған Бураны ашулы да, қатыгез Қасым хан кездестіріп қалады. Сол кезде әскерінің алдында мақтанған Қасым хан түйеге бірнеше улы жебе атады. Сонда жараланған түйе жарақатын емдеу үшін көлге қарай сүйретіліп барады, бірақ қатігез Қасым жануарға қанжар сұғып, ақырында түйені өлтіреді. Бұл ісі үшін Қасым қарғысқа ұшырап, оның тұқым-тұяғы жер бетінен жоғалып кетеді. Ал Бура түйе тасқа айналып, кейін тау болады.
Сондай-ақ, Бураның жеті бауыры болған. Олар қайғыдан орманға қарай бет алып, жетеуі де тасқа айналып кетеді. Аңыз бойынша, жеті түйені тапқан адамның аңсаған арманы орындалады дейді.

ҚБ: топтардың өзара бағалауы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет