Пәнаралық байланыстар
|
Физика пәнімен телефон жасауда электр тоғын пайдалану керектігін, биология пәнімен ДНҚ туралы мәлімет алуда байланыстыра алады.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну дағдыларын дамыта алады.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын оқыту қажеттігін түсіндіреді (3 сынып).
Қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын оқытуға қажетті жағдайлар мен тұлғалық қабілеттерді анықтай алады (2 сынып).
3 сынып «Жаратылыстану» пәнінің бағдарламасынан оқушылар аса маңызды ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы біледі. Өзіндік таңдаулар мен ой-толғаулардың негізінде зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтай алады (4 сынып).
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Әлемді өзгерткен жаңалықтарға жатады ….
… ашылуы адамзатқа … берді.
Алғашқы әлемді қалай суреттер едіңіздер?
Қандай ашылулар әлемді өзгертуге ықпалы болды?
|
|
Сабақтың ортасы
10 минут
7 мин
5 мин
10 мин
5 мин
|
Оқушыларды суреттердің көмегімен 3 топқа біріктіруге болады, мысалы, техника, табиғат және жасуша бөліктері.
(С) ДНҚ туралы мультфильмді көрсетіңіз, оқушылар мультфильмді мұқият көруі және ДНҚ ашылуының маңызы туралы қорытынды жасаулары үшін оның мазмұны бойынша алдын-ала дайындалған сұрақтарды ұсыныңыз.
Мультфильмді көріп болған соң топта талқылау үшін сұрақтар беріледі және өз ойларын ортаға салады.
(М) Балаларға Нобель сыйлығы туралы әңгімелеп беріңіз, себебі бұл аса көрнекті ғылыми зерттеулер, төңкерістік ашылымдар немесе мәдениет пен қоғамның дамуына қомақты үлес қосқаны үшін жыл сайын берілетін беделді халықаралық жүлде.
|