Оқушылар ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін және әлемді өзгерткен жаңалықтарды біледі.
Жаңа технологиялардың не екенін түсінеді.
Ғылыми жаңалықтарға ауызша мысал келтіре алады және олардың маңызын түсіндіре алады
Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгерткеніне талдау жасайды.
Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән терминология: Жаңалық, ғалым, ғылым, прогресс, техника, технология, зерттеулер
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Әлемді өзгерткен жаңалықтарға жатады ….
… ашылуы адамзатқа … берді.
…, …., ….,… мына аймаққа жатады …
Егер …… болса, онда ….. жасауға мүмкіндік бар.
Кейбір жаңалықтар …… ашылады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды. Бір-бірінің іс-қимылдарын түсіне білу.