Сабақ тақырыбы: Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы



бет1/6
Дата06.07.2022
өлшемі474,84 Kb.
#37523
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негiздерi.

Мектеп

«Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беретін мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні:

Есентаева Айгерим Ануарбековна

Күні: 19.10.18ж

Қатысқандар саны: 28
Қатыспағандар саны: 0

Сыныбы: 8

Сабақ тақырыбы:

Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.17 Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.
Оқушылардын көбі: термодинамиканың бірінші заңын қолданып есеп шығару.
Кейбір оқушылар: термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттеу.

Бағалау критерийі:

1.Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді.
2. Термодинамиканың бірінші заңының формулаларын есеп шығарғанда қолданады.
3. Термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттейді.

Тілдік мақсаттар:

Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіреді, жеке пікірлерін айтып,өз ойларын дамыта отырып,ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.
Пәндік лексика және терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

Температура

Температура

Temperature



Энергияның сақталу заңы

Закон сохранения энергии

law of energy conservation

Термодинамикалық жүйе

Термодинамические система

thermodynamic system

Ішкі энергия

Внутренняя энергия

Internal energy



Ішкі энергияның өзгерісі

Изменение внутренней энергии

change in internal energy

Жылу мөлшері

Количество теплоты

heat quantity

Газ жұмысы

Работа газа

gas work

Қызметі: оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым.

Құндылықтарға баулу:

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру. Оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру, өз пікірін айта алуды қалыптастыру. Мұқият болуға, тиянақтылық пен ұқыптылыққа бейімдеу. Топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономиялық өсу.

Пәнаралық байланыстар:

Математика, ағылшын, орыс тілі.

Алдыңғы білім

Ішкі энергия, жылу мөлшері ұғымдарымен таныс. Ішкі энергияны өзгерту әдістерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Жаттығулар бойынша жазбалар

Ресурстар

Сабақтың басы (10 мин)



І. (W) Ұйымдастыру: (2 мин)

    1. Сәлемдесу,түгелдеу

Психологиялық ахуал туғызу үшін бір-біріне «Шаттық шеңбер» құру арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтып сәттілік тілейді.


ІІ. (W) Үй жұмысын тексеру: Сыныппен жұмыс.
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру.  Өткен тақырып: «Жылу мөлшері, ішкі энергия».
"Конверттегі сұрақ" (4 мин)
Сұрақтар

  • Ішкі энергия дегенді қалай түсінесің?

  • Ішкі энергияның құраушы бөліктерін ата?

  • Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады?

  • Ішкі энергия өзгерісінің өлшемі қандай шама?

  • Жылу мөлшері қалай белгіленеді?

  • Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі не?

  • Жылу мөлшері қай шамаларға тәуелді?

Кері байланыс «Бас бармақ»


ІІІ. (W) Топқа бөлу (2 мин).
Оқушыларды топқа бөлу «Молекула әдісі» бойынша.
(W) Сыныппен жұмыс. «Ой қозғау» әдісі. Қызығушылықты ояту сәті. (2 мин)
Берілген бейнебаян арқылы тақырыпты ашу.
Сол бейнебаян арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
Жабық пробиркадағы су қайнағанда, пробирка тығыны атылып кетуін түсіндіру барысында сабақ тақырыбына шығу және сабақ мақсатын айқындау:
Қандай құбылысты бақыладыңдар? Мұндағы құрғақ отынның жылу мөлшері қайда жұмсалды? Осы бу жұмыс жасады ма? Ендеше бігінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсындар?
Жарайсыздар!
Оқушылар әр қайсысы өз түсінгендері бойынша ортаға ойларын салу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтайды.
Әр топтан бір оқушы сабақ мақсатын айтады.

Жалпы сыныппен жұмыс. Жұмыстың психологиялық ахуал жақсарту.
Оқушылар өтілген тақырып бойынша конверттегі сұрақтарды оқып стикерге сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конвертпен алмасады.
Тапсырма орындалған соң, оқушылар бір-бірін смайлик арқылы бағалайды.
Оқушылардын тыңдалым, және айтылым қабілеттері қалыптасады.
Оқушылар үш-үштен атом құрайды және сол бөлінген бойынша топқа бөлінеді.

Берілген бейне материал бойынша проблемалық жағдай туғызу арқылы оқушылар тақырып мен оның мақсатына шығады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылар жаңа тақырыпты айтып,мақсатын қояды.






Конверт, үлестірмелі қағаздар




Бейне материал



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет