Плазмалық векторлар: Вектор ретінде пайдаланатын плазмидалар, бактериялық клеткада клондағанда құрамында төмендегідей элементтері болу керек:
Ori сайты, ол берілген бактерияның түрінің клеткасында ДНҚ-ның репликациясы дұрыс болуы және плазмиданың өсуі үшін;
Доминанттық сұрыптаушы маркер, ол бөгде ДНҚ-ның үзіндісі отырғызылған плазмиданы таситын клетканы таңдап алады;
Бірегей рестрикция сайты, яғни векторда бір-ақ рет кездесетін сайт болуы керек.
Фагтық векторлар:Ең жиі қолданылатын фагтық векторлар ƛ-фагтың туындылары. Фагтың оң және сол иіндерінде литикалық циклге қажетті түгел гендер бар; керісінше, иіндер арасында және лизогенияны бақылайтын гендер алыс орналасқан. Мұндай модификацияланған фагтар литикалық циклді өтеді, бірақ лизогения болмайды.
Космидтік векторлар:Космидтер табиғатта кездеспейді, олар плазмидамен ƛ-фагтың қисындасуының нәтижесінде жасанды түрде жасалған. Космидада ішек таяқшасында репликациялана алатын оri бір ізділігі, доминанттылық селекциялық маркер Арʳ, бірегей инсерцияға және ДНҚ-ның фрагменттерін өркендететін сайттар болады. ДНҚ фрагментінің космидтік векторда клонданатын көлемі 35-45 нб құрайды.
Гендермен монипулияция жасау биотехнологиялары:1970 жалдардың басында рекомбинантты ДНҚ-ның in vitro алынғаны жөнінде алғашқы ақпараттан кейін, жаңа ғылым- ген инжденериясы пайда болды. Оның негізгі бағыттары – трансгендік жануарларды және өсімдіктерді жасау және гендік терапияның принциптерін жете зерттеу болды. Бөгде генетикалық материал енгізудің нәтижесінде жаралған организмдерді трансгенді деп атайды.
Гентикалық инженерияның мақсаты негізгі үш міндетті атқару: Рекомбинантты ДНҚ түрінде атқаратын қызметі белсенді генетикалық құрылымдарыды жасап, оларды басқа клеткаларға тасымалдау; 2) рекомбинантты ДНҚ-ларды клеткаға енгізу әдісін жете зерттеу; 3) енгізілген клеткада гендердің қалыпты экспрессиялануына жағдай туғызу.