Сабақ тақырыбы Уақытты анықтау не үшін қажет?



бет1/4
Дата27.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#110448
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
d0b0d0bdd18bd29bd182d0b0d183-d0bdd0b5-d2afd188d196d0bd-d29bd0b0d0b6d0b5d182




Пән: Жаратылыстану
Күні:
Сынып: 1«а»

Мектеп: Тереңкөл ОЖББМ.
Мұғалімнің аты-жөні: Кдыргожина Ж.К
Қатысқандар саны:13
Қатыспағандар саны: -




Сабақ тақырыбы

Уақытты анықтау не үшін қажет?




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.3.1. Уақыттың маңыздылығын түсіндіру
1.4.3.2. Уақытты өлшеу құралдарын анықтау






Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Уақытты өлшеу құралдарын анықтап,айта алады.
Көптеген оқушылар: Уақыттың маңыздылығының себептерін атайды.
Кейбір оқушылар:Оқушыларға уақыттарын тиімді пайдалану үшін өз күн тәртібін құрастырады.




Тілдік мақсаттар



Уақыт,сағат
Сыныптағы диалог:-Біз қандай уақытты өлшеу құралдарын білеміз?
-Сағаттың қандай түрлерін білеміз?
Сағат-часы-cloсk




Құндылықтарды дарыту


Оқушылардың бір-біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Оқушылардың бойында өмірге деген қызығушылықтары оянып, уақытты үнемді пайдалану керек екенін түсініп, сағатты тануға ынталандыру




Пәнаралық байланыстар

Математика,дене шынықтыру




АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик «Уақытыңды құртпа» балалар мультфильмі https://www.youtube.com/watch?vhAHw –GbOhHw




Бастапқы білім



Оқушылар сағатты таниды және оның не үшін қажет екенін біледі.






Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

5 минут


2 минут

Ширату
Ұ.Оқушылар шеңбер бойымен жүреді.
Сағаттың тілімен иіліп оңға бір
Сағаттың тілімен иіліп солға бір
Оң аяқ,сол аяқ жаттығу оңай- ақ
Сағаттың түрлері бар суреттер арқылы топқа бөлемін.
Ойын: «Тауып көр» әрбір топ ишара арқылы сағаттың түрін жасырады,қалған топ жасырған сағат түрін табады.
Қ.Б: Мұғалімнің қолпаштауы «Жарайсың» «Бәрекелді»
(Ұ) «Сұрақты қағып ал» ойыны арқылы өткен сабақты бекіту.Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып доп лақтырады,оқушы жауабын айтып кейін қайтарады.
-Бұл не?
-Глобус ненің моделі?
-Глобустың пішіні қандай?
-Глобустың басым бөлігі қандай түске боялған?
-Ол түстер нені білдіреді?
ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы оқушыларды бағалау
Сабақ мақсатымен таныстыру Бүгін біз сабақта Уақытты анықтаймыз.
-Уақыт деген ойларыңа не келеді?
-Уақытты немен анықтаймыз?
-Сағатпен
-Сағаттың қандай түрлерін білеміз?
-Қол сағат,су сағат,құм сағат,жар сағат,электронды сағат.


(Ұ) Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма Суретке назар аударып,сұраққа жауап берейік
-Олар саяхатқа қалай дайындалған?
-Олардың қолында не бар?
-Олар қазір қай қалада тұр?
-Сапаржайда уақыт нешені көрсетіп тұр?
-Картаға назар аударыңдар олар қайда бара жатыр екен?
Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқан.Бурабайдың тау-тасы,көлі де,жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы.
-Негеш пен Эврика бірден Бурабайға бара ала ма? Неге?
-Олар қандай көлікпен барады?
-Онда жету үшін қанша уақыт алады деп ойлайсыңдар?
Талқылау жүргізіп,қажетті жерге жету үшін белгілі бір уақыт керек деген қорытынды жасаймыз.Баратын жер неғұрлым алыс болса соғұрлым көп уақыт жұмсалады.


ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы топтық бағалау.


Құмсағат,механикалық,электронды,қол сағат,жар сағаттың фото суреттері.

Глобус


Оқулық 60-бет



Сабақтың ортасы
20 минут

7 минут





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет