1-жағдаят: (1 топ) «Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).
2-жағдаят: (2 топ)
«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)
3-жағдаят: (3 топ) «Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».
(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)
Дескриптор: Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтарын біледі; Еңбек қатынастарының субьектілерінің міндеттерін ажыратады Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады, өздерінің шешімдерін дәйектер келтіре отырып, негіздейді. Топтық бағалау жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері: Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтарын ажырата алса; Еңбек қатынастарының субьектілерінің міндеттеріннақты жеткізсе Кері байланыс: «Плюс, минус, қызықты»