Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық


Тыныштық сәті Су асты патшалығына саяхат



бет102/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   191
Тыныштық сәті Су асты патшалығына саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

.1.Қандай сезімде болдыңдар? 2.Суасты несімен тамаша?



Баяу әуен

(Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну. Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка қою).



Үй тапсырмасы. Оқулықта берілген « Мен оны пір тұтамын»

1.Әдеп әріден басталады дегенді қалай түсінесіңдер?



.Ата-аналарың қандай өсиет айтады?

3. Отбасындағы тәрбие қандай құндылыққа негізделі керек?

4.Кімді үлгі тұтасың?

5. Отбасын ұятқа қалдыратындай іс әрекет жасаағанда адам қандай жағдайда болады?



Ж.Солтиева мәтінін оқып , талдау

Дәйексөз.

« Отбасының өнегесі – Отан өнегесі »



Сұрақ: 1.Дәйексөзден не түсіндіңдер?

Б . Момышұлы.

Мұғалім сыйы. 8 наурыз

Орта жастағы бір әйел таңнан үй реттеумен әлек. Заттардың орындарын ауыстырып, стол үстіндегі дастарханды қайта қайта түзетіп, ас үйде отқа қойған қазанды ашып тексеріп қайта үй реттеуге кіріседі. Сырттан әр дыбысқа құлақ салып, дереу терезе жаққа жүгіріп, көршілердің есігі соғылса, есік жаққа жүгіреді. Оның емес, көршілердің есігі соғылғының түсініп мұңаяды. Жұмыс бабымен басқа қалада тұратын ұлы әрі алыс тұрғандығынан, әрі демалыс ала алмағанынан үйге келмегеніне жарты жыл болды. Әйел баласының келуін сабырсыздана күтіп, үміт артып отырады. Әр 8 наурыз күні үлының таң атпастан “анашым, мейрамыңмен!” деуін сондай сағынған болатын. Осы жолы да ұлы есіктен кіре салысымен жүгіріп құшақтайтын сияқты бір сезімде болды. Бірақ ұлы келетінің еш айтпаған болатын. “Келе алса айтар еді ғой, рұқсат ала алмаған болар” деп тағы күрсініп ойлады.

Таң атпай оянып алып, үй жинап, ұлы жақсы көретін тамағын әзірлей бастаған еді. Оны көрген жолдасы “не болып қалды? бәрі жақсы ма?” деп сұрайды. Бірақ әйел жүрегіндегі сағынышты қалай баяндап айта алар еді? мүмкін емес. ақыры соңында, жолдасына “бүгін үйде істейтін жұмысым көп, сіз барып жұмыстарыңызды тындыра бермейсіз ба” деп сұрайды. Жолдасына айтуға ыңғайсызданды – қатты күтіп, ұлдары келмей қалса ше.. келмей қалса ше деп қайта мұңаяды. Кем дегенде звондаса ғой.. анашым, 8 наурызыңмен! десе ғой.. 8 наурыз екенің естен шығарған болар бәлкім.. үйден алыстап кетіп, құттықтауға керексінбейтін шығар бәлкім.. Жоооқ, балам ондай емес. Келе алмаса звондап айтады. Жоқ, звондағаның қаламаймын, келуін қалаймын. Келсе ғой, жақсылап шәй берсем оған, анасымен сырласып отырып әңгімесін айтса, тауысылмас әзілдерін айтып күлдірсе, оның күлкісін естісем, “түүү қандай баласың әлі” деп тамағың берсем.. ол да “мен ержеттім, бала емеспін енді” деп бұртийса.. – баласының қылықтарын есіне алып, еріксіз күлімдеп отырып, көзі қайта сағатқа ілінеді. – келсе ғой аман есен жетсе ғой… Осылай тілеп отырған кезде телефон шырылдайды. Телефонды алып “Мама! Бұл менмін!” деген баласының дауысын естиді де келе алмайтының айту үшін звондап тұрған болар ойымен қайта мұнаяды.
– Балам қалайсың? бәрі жақсы ма?
– Иә, бәрі жақсы, үй жақ қалай?
– Шүкірлік, аман есенбіз. Жұмысың қалай?
– Басында бірақ үйрене алмай қиналған болатынмын, бірақ қазір бәрі де жақсы.
– Жақсы болған екен. Демалысқа рұқсат ала алдың ба?
– Иә, анашым, алдым. Рұқсат алатынымды сіз қалай біліп қойдыңыз?
– Енді бүгін 8 наурыз ғой, ол үшін арнайы алмаған бе едің?
– Ааа, расында да 8 наурыз екен ғой. Мама, мерекеңізбен!
– ?.. сен үйге келмейсің ба не?
– А не ғой, бастықтан өте жақсы көретінім бір әйелмен жүздесіп, міндетті түрде қасына барып қайтуым керек деп сұрандым. Бастығым да сол үшін ғана рұқсат берді. Енді сол әйелдің үйіне кетіп барамын.
Анасының жүрегі сыздаса да – Солай ма, кім екен ол?
– Мама, маған сенсеңіз, сіз жасаған тамақтардан да керемет, сіз жасаған тәттілерден де дәмді нәрселер жасап мені күтіп отыр.
– ….. жарайды, балам, абайлап жүр. Ол да сені кем дегенде сендей жақсы көреді деп сенейін
– Сүйетінінен еш шүбәм жоқ. оның үстіне, жаңа жұмыс орнымдағы бірінші отпускімді ол үшін алдым. Папа қайда?
– Сыртқа шыққан болатын. Ааа.. есікке біреу келіп тұр, әкең шығар.
– Жарайды анашым, папаға сәлем айтыңыз. мен де телефонды қояйын, сізге айтқан дүниенің ең сұлу, ең мейірімді, ең керемет әйелдің есігі алдындамын.
– Жарайды балам, сәлеміңді айтамын. Кейін қолын тисе тағы звонда. Қайда болсаң да аман бол.

Телефонды қойды. Баласың қатты сағынған еді, оны көретін күнді қалайша күткен еді… Есікті ашып жатып, жаулықтың ұшымен еріксіз аққан көз жасын сүртеді. Есікті ашса, мойнына асылған ұлы – Жаным анашым, мерекеңізбен! деп айқай салғаны, бір түс секілді болды. Ұлы: – Мама, сізді қуантатын бір сюрприз жасау ғана еді ниетім, болды енді жыламаңызшы – десе де, анасы қуаныштан көз жасын тия алмады. 



Сұрақ:

Ана көңілі неге алаңдаулы болды?

Ана баласын көргендегі сезімі қандай болды?

Ата-анаға құрмет көрсетудің мәні неде ?

Ата-ананың ықыласы дегенді қалай түсінесің?

Отбасында сүйіспеншілік құндылығының маңызы неде?

Анаң үшін не істей аласың?

Интернеттен алынған



Шығармашылық жұмыс «Жеті атамызды білеміз ба?»Генетикалық тізім жасау

1.Жеті ата дегенді қалай түсінесіңдер?



Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс

Топтық ән:

Ешбір ғажап қызықтырмас менің жанымды,
Сен қасымда болмасаң.
Өмір – азап, солғын тартар жүрек жалынды,
Сен қасымда болмасаң.
Түн де күліп тамылжымас, таң да атпайды,
Сен қасымда болмасаң.
Күн де түнді тартып алып, нұрын шашпайды,
Сен қасымда болмасаң.

Қайырмасы:
Баурап алатын дидарың қандай,
Қарай берем мен көзімді алмай.
Жаутаң кағатын жанарың қандай,
Арай төгетін алтын таңдай.

«Сен қасымда болмасаң»

сөзін жазған: Бақытжан Ауданбаев



Әнін жазған : Ержан.Серікбаев



Үй тапсырмасы. Оқулықта берілген « Туған күн »

З.Жұманова мәтінін оқып , талдау

Сабақты қорытындылау, тыныштық сәті. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар

1.Сабақтан нені үйрендік?

2.Сабақтан не алдық?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет