Топпен ән айту.
Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсемдағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған -2рет
Жан әке, шертіп сезіп домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың- 2рет
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса соның жолдасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын -2рет
|