«Жақсы қасиеттер» ағашы
«Жаман қасиеттер» ағашы
Өз мінездерін табиғат көріністерімен бейнелеу
1. Неге осы табиғат көрінісін таңдадың?
2. Адам мінезін неліктен кей кездері жыл мезгілдерімен теңестіреді?
Үлкен күміс түсті балық өзенде жүзіп жүріп, домалақ аңқиған көзімен ойнап жүрген бала-шағаға қарады да аң-таң болып …. Осылар суға несіне қызығады екен,- деп ойлады. Олардың жерлерінде құм, шөп, тас ,жер тағы мен білмейтін талай дүниелер бар. Оларға не жетіспейді? Су оларға не керек екен? Мұнда ешқандай қызық жоқ қой, деп әдеттегідей жан жағына шоршып шомылып, жасыл қалын су, ақ құм, балдыр шөп, ұсақ ойнақтаған балықтар,болды фууу іш пысады… деп, күрсінді.
Бала- шаға суға сүңгіп асыр салып ойнап жатты. Балық ойлады «Мүмкін бұлар бір ортаны, басқа ортаға ауыстырғаннан рахат алатын шығар?» Ендеше мен де сөйтіп көрейінші деп, шортып секіріп аспанға көтеріліп қайта суға шолп етті де, «Иә» өте тамаша екен ауа жұтым тамаша, дегенше болған жоқ көңіл күйі қайта түсті.
«Мен дұрыс ойлаппын, ауа ол өте тамаша екен.» Ал сонда жер мен от қандай екен? Егерде құмға секіріп шықсам қалай болар екен деген ой келіп құмға секіріп шығады.
Сол ақ екен балық соққыға түсіп құм үстінде бұралаңдап жатқанда бір жаны ашыған бала оны қайта суға итеріп жібереді. Балық өз- өзіне әрең дегенде келіп тірі қалды.
Есін жинаған соң «Иә» деп ойлады балық , мен де осыны күтіп едім. Адамдарға жүзуді үйрену сияқты, маған да әлі өте ұзақ жүруге үйрену қажет екен,- деп жағаға қарай қайта жол тартты… Балықтың іс әрекетін қалай қарастыруға болады?
Қазіргі заман адамы туралы бір аңыз әңгіме айтып берейін.
Өзіне өте сенімді бір жас азамат мына заманға көңілі толмай оны өзгерткісі келеді. Ол үшін мектептегі оқуын алтын белгіге аяқтап, халықаралық қатынастар факультетіне түсіп оны қызыл дипломға бітіреді. Ол дипломат атағын алып әлемді өзгертуге бар күш жігерін, білімін салып жан тәнімен еңбек етеді. Он бес жыл өте келе, әлем өзгермегенін байқайды, қой өз қалам әлемнен кішігірім сол қаламды барып өзгертейін,- деген ой келеді. Қаласына келіп ғимараттар салып, адамдардың қаржы жағдайларын жақсартам деп жүріп оншақты жыл жұмыс жасайды, байқап қараса, қала да, адамдар да, өзгермегенін байқайды. Содан ол өз отбасын өзгертіп көрейін деп, бес жыл әрекет жасайды, бірақ еш өзгерісті байқамайды. Енді ол атқарған іс- әрекеттеріне талдау жасап, қой өзімді өзгертіп көрейін,- деген ойға келеді. Біраз уақыт өткенен соң, ол айналаның бәрі өзгергенін байқайды.
1. өзің түзелмесең, өзгелерді түзей алмайсың дегенді қалай түсіндірер едің?
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |