Сабақтың мақсаты : оқушылардың мінез – құлық туралы түсініктерін кеңейте отырып ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
жақсы мен жаман мінез тұстарын ажырата біліп, қарым-қатынаста адалдық қасиетінің маңыздылығын ұғындару;
мінез құлқын тәрбиелей отырып, әр бір істе байсалды болуға баулу;
Әрекетте өзін сабырлы ұстауға тәрбиелеу .
материалдар: үлестірме қағаздар, нақыл сөздер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу , көңіл күйлерін сұрау, сабақты жағымды күйге келтіру
Тыныштық сәті. Су асты патшалығына саяхат.
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасау.
1.Қандай сезімде болдыңдар?
2.Табиғат несімен тамаша?
Баяу әуен
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну. Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка қою).