Шығармашылық жұмыс: Оқушыларға фишкаларды таңдау ұсынылады (жапырақ, гүл, жұлдыз).
Тапсырма: Жақсылық – жан жадыратады тақырыбын қорғау.
Жапырақ таңдағандар - Суретшілер тобы / сурет салу/,
Гүл таңдағандар – Ақындар тобы /өлең шығару/,
Жұлдыз таңдағандар – Актерлар тобы/Көрініс қою/ - ойлануға 5мин.беріледі.
Топтастыру әдісі: Мұғалім партасында жатқан карточкаларда адам мінезіне қатысты сөздер жазылған. Тақтада ілініп тұрған «Жақсылық» ағашы мен «Жамандық» ағашына осы карточкаларды ілу керек.
/рефлексия әдісі/А4 қағаз бетіне әрқайсысы өздері жақсы көретін түстерді кисть қолданып шашыратады. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, қайтадан ашады. Арнайы салынғандай сурет шығады. Оқушылар өз суреттерін көргендегі ойларын айтады. Салынған объектілірге түсіндірме беру және туындаған ассоциацияларды талқылау.
|
1. Қасың қандай, қарақат көзің қандай,
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай!
Қуанатын балаша кезің қандай,
Өзің қандай, жаныма сөзің балдай.
Қайырмасы:
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.
2.Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай,
Арың қандай, жібектей жаның қандай.
Өзің қандай, шуаққа малынғандай,
Сезім қандай, тәңір де табынғандай!
|
«Ғашықтар жыры»
сөзін жазған : Ш.Сариев
Әнін жазған :К.Дуисекеев
«Ән қазына -2011» әндер жинағы № 127 бет
|