Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу , көңіл күйлерін сұрау, сабақты жағымды күйге келтіру.
Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
1.Қандай сезімде болдыңдар?
2.Табиғат несімен тамаша?
Баяу әуен
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну. Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка қою).
Үй тапсырмасын тексеру:
«Оқулықта берілген әдеп қағидаларды өз ойымен жалғастыру »
Қоғамдық орындарда қазіргі кезде қандай әдепсіздіктер жиі кездеседі.?
Өзің қаншалықты әдеп сақтайсың?
Әдептілік адамның қандай іс-әрекетінен байқалады?
Әрбір адам дұрыс әрекет жолымен жүрсе қалай болар еді?
Екі ағайынды бірде ренжісіп қалыпты. Ағасы “Інім келіп кешірім сұрар,” – деп күтіпті. Ол келе қоймайды. Шыдамаған ағасы інісіне келеді, сөйтсе інісі де сағынып жүр екен. Ағасын көре салып, құшақтап жылап жіберіпті. Сонда ағасы: – Сен кішісің ғой, неліктен бірінші болып келіп кешірім сұрамадың? – дейді. Сонда інісі: – Жаным, ағатайым, кім бірінші болып кешірім сұраса, сол мол сауап алады деуші еді. Сол сауапты өзіме қимай, Сіз алсыншы деп тосқан едім, – депті көз жасын сүртіп.
Сұрақ: Екі бауыр арасында қандай сүйспеншілік пен әдептілік болды?
Ренжіген адамның бірінші кешірім сұрауы, оның бойындағы қандай қасиеттің көрнісі?