Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық



бет156/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   191
Байланысты:
9 сынып 218-2019

Топпен ән айту.

Ақ көгершін Сөзі Н.Баймұхамедов.

Әні А.Жұбанов.

Ақ көгершін , көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан ,

Бақыт құсы болсын деп

Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы.

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

Көзін сенен алмайды

Ақ ниеті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.

Тыныш бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

Қайырмасы.

  1. Үйге тапсырмасы.

24-сабақ.

  1. «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» ( аңыз-әңгімені оқу.)

  2. « Мен уәдемде тұрамын» эссе жазу

  3. Дәптермен жұмыс.

Адал және әділ адам қандай болады?Ерекшіліктерін бөліп жазу

  1. Соңғы тыныштық сәті. Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі таза, пәк сезіммен, қиял әлеміне аттанамыз

Бүгінгі сабақты еске түсіреміз,алған әсерімізді іштей айтамыз.




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: ___________________ Мерзiм: __________№ 17 – 18 сабақ

Тақырып: Татулық достық кілті

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қанағатшылдық, адамгершілік, жақсы көре білу, түсінісе білу, кішіпейілділік, әдептілік.

Мұғалiм: ____________________________ Сынып «9а» Оқушылар саны


Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту..
Міндеттері:
• - татулық, бірліктің адами қарым - қатынастағы мәнін ашу;
• - адамдармен сыйластықты, жарасты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;,
• - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу


Ресурстар:

Оқулық, дәптер, таспа, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.



1) Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет