Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мә
Байланысты: Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі Дәріс Қараған-emirsaba.org
1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі
«Мәңгілік Ел» идеясында қазақ халқының сығымдалған, жүйеленген өмір сүру тәжірибесінің әлеуметтік-мәдени коды бар. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттың тарихи даму үрдісінен тысқары қарау мүмкін емес және қолдан немесе ойдан шығарылған мәселе еместігі тағы белгілі. Себебі, бұл мәселе қазақ қоғамы үшін қашанда өзекті. Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, «утопия» немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін, абстрактылы ұғымдар жиынтығы емес. Ол - Қазақстанның антологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның темірқазығы, қоғам дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырудағы рухани-саяси ұстаным.
1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі
«Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идеологияның негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны барлық қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы. Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік - ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі
«Мәңгілік Ел» идеясының келесі тұғыры, негізі - Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен тұрақтылық «Мәңгілік Ел» жолындағы басты ұстаным болып қала бермекші. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді.