Сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021 Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мә



бет90/92
Дата16.10.2023
өлшемі390,17 Kb.
#115845
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92

1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

      • Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Сонымен бірге, тіл - билік, үлкен саясат. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының бас­ты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістікті қорғау, оған мемлекеттік тұрғыдан ықпал ету, ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін қорғаудағы басты ұстаным болуы тиіс. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тағы бір негізі халық пен билік арасындағы сенімді нығайту.


1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

      • «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінің мақсатын өзгерту керек. Ол, біздіңше, креативті, шығармашылық сипатта ойлайтын «мәдениетті тұлғаны» қалыптастыру. «Мәңгілік Ел» идеясының филосо­фия­­­лық мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор.


2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

      • Еуразияшылдық «көп халықты ұлт» (немесе Л.Н.Гумилевтің кейінгі «еуразиялық суперэтнос» атауын пайдалансақ) біртұтас үйлесімділік құрамындағы әрбір халықтың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл мұраттың негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі «материалдық база» немесе «мемлекет алдында бас июшілік» емес, ең алдымен руханият және рухтың биіктігі болуы керек деп түсінді. Осыған орай «еуразия философиясы», «еуразия көп халықты ұлтының философиясы» сияқты жаңа термин енгізу қажет сияқты. Өмірді орнықтырудың сыртқы формасына қарайлаушылық пен мемлекет алдында бас июшілік – бұл Батыстың таңдап алған жолы, ол руханиятты, өзіне тән мәдениет төлтумалылығын жоққа шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет