Сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021 Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері



бет91/92
Дата16.10.2023
өлшемі390,17 Kb.
#115845
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92

2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

      • Батысқа деген кірпияздық және батыс­тық центризмді сынау Еуразия қоз­ғалысы өкілдерінің коммунистік Ресейді, марксизм мен больше­визмді сынауымен байланыс­ты болды. Олардың пікірінше, Қазан төңкерісі елді толығымен әлемдік өркениеттік даму жолынан шығарып тастап, Батыстың тұйыққа тірелген, рухтан ада жолына апарып тығырыққа тіреді.


      • Алғашқы еуразиялықтар еңбегінде Еуразия доктринасы мәселелерінің барлық – географиялық, тарихи, саяси және т.б. қырлары сөз етілгенімен, басты бағыты түпкілікті түрде айқындалған жоқ. «Еуразия» деген ұғымның өзі дүдәмал жағдайда қалды. Ол еуропалықтар үшін Еуропа мен Азияға қатысты дүниенің тұрғысынан біресе «үшінші», біресе азиаттық бастаманың басымдығына байланысты олардың синтезі болды.


2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

      • Көп халықтық еуразиялық суперэтнос өкілдерінің өзіндік этномәдени бірегейлігіне және идеологияға кереғар руханиятқа ерекше мән беретінін ұмыта отырып, еуразияшылдық көбіне-көп тоталитарлық идеологиямен теңестірілді. Еуразияшылдық мәселесі өз ішіне географиялық, тарихи, әлеуметтік, геосаяси, этнологиялық, этнопсихо­логия­лық жақтарды, яғни табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен және оның ішкі рухани әлемімен байланысты нәрсенің бәрін сіңіреді. «Еуразияшылдық» деген сөз «Еуропа» мен «Азия­ны» біріктіреді, бірақ олар фило­софиялық мәні жағынан «Батыс» пен «Шығыс» деген кең және мазмұнды ұғымды білдіреді.


2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

      • Батыс пен Шығыс өзінің дүниеге қатыстылық қағидасы, яғни дүниедегі көзқарас пен өмірлік-практикалық бағдарламасы тұрғысынан бір-біріне тікелей қарама-қарсы болып көрінеді.


      • Дүниеге батыстық қатынас және одан туындайтын негізгі идея адамды қоршаған дүниенің жетілмегендігін және адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне толық жауап бермейтінін айқындайды. Демек, дүние одан әрі жақсаруды, қайта құруды, одан әрі толығырақ қалыптастыруды қажет етеді. Басқаша айтқанда, батыстық дүниеге қатынастың басты қағидасы – заттық-практикалық, материалдық іс-қимыл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет