Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар



бет4/6
Дата02.12.2023
өлшемі202,49 Kb.
#132318
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ақпараттық-блок.Эпигенетика. Эпигенетикалы аурулар.

2-сурет. Бұл сызбада ДНҚ-ның метилдену моделі оның репликациялану кезінде қалай сақтала алатындығы көрсетілген. Метилдік топ қара нүктемен көрсетілген.
Сонымен, нәтижесінде жаңа түзілген жасуша бастапқы жасушадағы ДНҚ-ның метилденген моделін алады. Нәтижесінде бастапқы жасушадағы белсенді емес гендер бұл жас жасушалар да белсенді болмайды, сондықтан тері жасушасы әрқашан тері жасушасы болып қала береді.
Нейрон жасушаларында болсын, тері жасушаларында болсын түрлі жиынтықтағы гендер белсенділігін басу үшін, жасушалардың жеке ерекшелігін сақтау үшін ДНҚ-ның метилденуі жүріп отырады. Бұлай болмаған жағдайда, барлық уақытта тек белгілі бір гендер ғана, белгілі бір дәрежеде экспрессияланған болар еді. Нәтижесінде бұл нейрон, тері жасушаларын емес тек бір типті жасушалары түзуге алып келетін еді. Яғни, екі типті жасушалар бір-біріне ұқсамайтын түрлі нәтижелер алу үшін түрлі типті жасушалар геномының әртүрлі аймақтарын қамтитын ДНҚ метилденуінің бір механизмін қолданады. Жасушалардың жіктелуінде метилдену маңызды орын алады. Метилдену нәтижесінде
«әмбебап» эмбрион жасушалары мүшелер мен ұлпалардың арнайы жасушаларына айналады. Бұлшықет талшықтары, сүйек ұлпалары, жүйке жасушалары- бұлардың бәрі геномның нақты бір аймақтарының белсенділігіне байланысты пайда болады. Сонымен қатар, метилдену көптеген онкогендердің қызметін, сондай-ақ кейбір вирустарды бастырмалайтыны белгілі.
ДНҚ-ның метилденуі барлық эпигенетикалық механизмдер ішінде қолданбалы маңызы жоғары. Себебі оның жүруі адамдардың тамақтану ерекшелігіне, эмоционалдық жағдайына, мидың белсенділігіне және де басқа да сыртқы орта факторларына байланысты болғандығында.


  1. Гистонды ақуыздардың модификациясы.


Бүгінгі күні эпигенетикада және гендер активтілігінің реттелуі негізгінен нақты ДНҚ – мен тығыз байланысқан төрт гистонды ақуыздарға, атап айтқанда Н2А, Н2В, H3 және Н4бағытталған. Бұл гистондар глобулярлық деп аталатын құрылымдарға ие. Себебі олар тығыздалып, шар тәрізді формаға ие болады. Бірақ,осындай әрбір шар гистонды өсінді деп аталатын қозғалмалы бос аминқышқылды тізбекгі бар. Осы гистонды
ақуыздардың төрт түрі екіден топтасып, тығыз құрылымды, гистонды октомер немесе нуклеосома деп аталатын құрылымды қалыптастырады.

Әрбір нуклеосоманы сыртынан айналдыра 147 жұп нуклеотидтен тұратын ДНҚ орайды. 3- суретте нуклеосоманың құрылысының қарапайым сызбасы келтірілген. Бұл жерде ақ жолақпен ДНҚ көрсетілген, ал сұр иірімдер гистонды өсінділер (стрелкамен көрсетілген) ретінде келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет