Сабаққа негізделген оқу мақсаттары Ми бөлімдері, мидың құрылысын,қызметін сипаттау Сабақтың мақсаты


Бөлім: 8.2А Заттардың тасымалдануы



бет3/5
Дата02.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#131750
түріСабақ
1   2   3   4   5
Бөлім:

8.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:

Баратова Шынар

Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ми бөлімдері , мидың құрылысын ,қызметін сипаттау



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Ми бөлімдері , мидың құрылысын ,қызметін сипаттау



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:
Мидың құрылысымен танысады, бөліктерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Мидың қызметін нақтылайды, бөліктерді бір-бірімен салыстырады.
Кейбір оқушылар:
Ми бөліктерінің кітаптан тыс мәліметтерімен танысады.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал.
Сынып түрлі түсті стикер таңдау арқылы топқа бөлінеді.
«І», «ІІ,ІІІ» топтарына бөлінеді.
"Шаттық шеңбері"


Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Стикерлердің көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I топ – көк түс
II – топ сарғыш
III – топ сары тобы



Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Стикер


Жаңа сабаққа кіріспе
5 мин

(Кір жайғыш әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді ,мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:
1. Адамда қарым-қатынас құралы ретінде... дамыған.
2. Адамның омыртқасы... жерден иіледі.
3. Сүтқоректілер мен адамда кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын... болады.
4. Адамда бас сүйектің... бөлімі жақсы дамыған. 5. Адамда қарым-қатынас нәтижесінде... бұлшық еттері жақсы жетілген. 6. Адам... класына жатады. 7. Адам... типінің өкілі.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет