Мәтінді интерпретациялау
Бұл құзіреттіліктің тапсырмаларын орындау үшін мәтіннің бірнеше бөлігінде берілген ақпаратты біріктіру, мәтіндегі тілдік нюанстардың мағынасын түсіндіре білу, көзқарастарды салыстырып, салғастыра білу, мәтіннен ұсынылған тезистерді растайтын дәлелдер тауып, тұжырымдалған тезистерден қорытынды шығара білу керек.
Мәтіннің мазмұны немесе формасы бойынша рефлексия жасау және мәтінді бағалау
Бұл құзыреттілікті бағалайтын тапсырмалар мәтінде берілген көзқарастардың біріне қатысты өз пікірін негіздеуді немесе оларға қайшы келетін дәлелдерді ұсынуды талап етеді. Сонымен қатар, ақпараттың сенімділігін, өзектілігін, дәлдігін, объективтілігін бағалап, мәтін формасының оқырманның ақпаратты қабылдауына әсерін бағалай алу дағдысы маңызды. Бұл деңгейдегі тапсырмалар көбінесе әртүрлі көзқарастарды салыстыру, салғастыру немесе өз көзқарасын тұжырымдау үшін тәжірибесі мен біліміне жүгінуді талап етеді.
Сонымен, мәтінді толық түсіну үшін білім алушы жоғарыда аталған құзыреттілік топтарының үшеуін де белгілі бір деңгейде дамытқан болуы керек.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы «оқылым» бөлімі аясында толықтай функционалды сауаттылықты дамытуға құрылған, яғни әрбір оқу құзыреттілігі белгілі бір оқу мақсаттарының мазмұнына кіріктірілген (2-сызба).
2-сызба. Оқу құзыреттіліктерінің «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасына кіріктірілуі
Достарыңызбен бөлісу: |