1. Мазмұн: мәтін форматтары
«Мәтін» ұғымы баспа немесе электронды форматта ұсынылған шынайы тіл қолданылған мәтіндерді меңзейді. Мұндай мәтіндер қатарына диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелер жатады, бірақ қабылдаудың басқа стратегияларын талап ететін фильм, телесурет, мультипликация мен сөзсіз суреттер мұндай мәтіндерге жатпайды.
Мәтіндерді типке жіктеудің түпкілікті жолы жоқ. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесуі мүмкін. PISA зерттеуі мына сипаттарды маңызды мәтін сипаттары ретінде ерекшелейді:
ішкі байланыстылығы мен дәйектілігі;
шынайылығы мен фактологиялық деректердің болуы (ғылыми, көпшілік, ресми және т.б. мәтіндер) және ойдан шығарылуы мен көркемділігі (көркем әдеби мәтіндер және т.б.);
тұтастық немесе тұтас еместік сипаты.
PISA зерттеуінде мәтіндер бірнеше форматта беріледі. Біріншісі – тұтас мәтін, ол ірі мәтін бірліктерінен тұрады. Тұтас мәтіндер жеке жол түрінде ұсынылған формула, кесте, схема, иллюстрация немесе басқа ақпарат бірліктерімен бөлінбейді. Семантикалық тұрғыдан біртұтас абзацтар белгілі бір иерархиямен ұйымдастырылады және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуге көмектесетін тақырыптар мен тақырыпшалармен белгіленеді. Мұндай мәтіндерге әңгімелер, өлеңдер, мақалалар, мектеп шығармалары сияқты түрлі жанрдағы мәтіндер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |