Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет21/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90
Байланысты:
Пиза тапсырмалары.docx өткен курс бойынша

Адаптивті тестілеуде қатысушының алдыңғы сұрақтарға дұрыс не бұрыс жауап бергеніне байланысты келесі сұрақтардың күрделілік деңгейі не төмендетіліп, не ұлғайтылып отырады, яғни қатысушыға ол орындай алатын тапсырмалар ұсынылады. Бұл тәсіл нәтиженің нақтылығын жоғарылатып, қатысушының тестке деген қызығушылығын сақтауға жағдай жасайды.

PISA-2018 зерттеуінде оқу сауаттылығын бағалау шкаласы алдыңғы кезеңдердегідей деңгейлерге бөлінді. Бұл деңгейлердің жетеуі – 1c, 1b, 1a, 2, 3, 4, 5, 6 – PISA-2009, 2012 және 2015 зерттеулерінде қолданылған. Деңгейлерге сәйкес балл аралықтары өзгерген жоқ, бірақ барлық деңгейдің сипаттамасы жаңартылды. Бұл оқу сауаттылығының 2018 жылы алғаш рет бағаланған оқу аспектілерін қамту үшін жасалды. Мысалы, PISA-2018-де анықталғандай, 3, 4, 5, және 6-деңгейлерде оқушылардың дереккөздің сенімділігін бағалай алу, сондай-ақ интертекстуал алшақтықтар мен қарама-қайшылықтарды анықтау дағдылары сипатталады. Оқу сауаттылығының мұндай аспектілеріне алдыңғы кезеңдерде назар аударылмаған болатын.

Сондай-ақ PISA-ның 2018 жылға дейінгі кезеңдерінде 1b деңгейінен төмен нәтиже көрсеткен білім алушылардың мүмкіндігін сипаттауға арналған тапсырмалар болмаған. Ондай оқушылардың 1b деңгейіне арналған тапсырмаларды табысты орындай алмағаны анық еді, бірақ олардың нақты нені орындай алғаны туралы ақпарат беймәлім болатын. Алайда барлық елде, әсіресе, үлгерім деңгейі төмен елдерде 15 жастағы оқушылардың ішінде нәтижесі 1b деңгейінен төмен оқушылар бар. 2015-2018 жылдар аралығында өткізілген «Дамуға бағытталған PISA» зерттеуі (PISA for Development) кіріс деңгейі орта және төмен деңгейдегі сегіз елдің PISA-ға толыққанды қатысуға дайындалуына көмектесу мақсатында осы елдердің оқушыларына арналған күрделілігі орташа деңгейдегі сұрақтар ұсынды (OECD, 2018[1]). Осы тәжірибе негізінде PISA-2018 зерттеуіне одан бөлек жаңа міндеттер қойылып, оқушылардың төменгі деңгейдегі дағдыларын сипаттау үшін жаңа 1c деңгейі қосылды. Бұл деңгей оған дейін жай ғана 1b деңгейінен төмен деп классификацияланып келген.

Дағдылар шкаласы оқушылардың үлгерімін көрсетіп қана қоймай, тапсырмалардың күрделілігін де сипаттайды. Оқушылардың тілді меңгерудің әр деңгейінде не істей алатындығы туралы сипаттамалар, деңгейлерге сәйкес тапсырмалар және мәтіндердің типтік ерекшеліктері сауаттылықтың әрбір деңгейінде көрсетілген міндеттерді талдау негізінде алынды (1-кесте).

1-кесте. PISA-2018: оқу сауаттылығы деңгейлерінің сипаттамасы

*2-деңгей білім алушылар оқуын жалғастырғанда, не еңбекке араласып, қоғамның есейген мүшесіне айналғанда, оларға тіршілік ағымында тиімді әрі өнімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін оқу дағдысы мен құзыреттіліктерін көрсете бастайтын функционалды сауаттылықтың іргелі (базалық) деңгейі ретінде қарастырылады. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде 2-деңгейдегі дағдылар «ең төменгі дағдылар» деңгейі ретінде анықталған. Бұл деңгейге орта білім беру сатысын аяқтап қалған оқушылардың барлығы қол жеткізу керек (OECD, 2019[1]).

2-деңгейге жете алмаған оқушылар (1c, 1b, 1a деңгейлері) өздеріне таныс емес немесе көлемі мен күрделілігі біршама қиын материалмен жұмыс жасағанда қиналады. Әдетте олардың мәтінмен жұмыс жасай алуы үшін оларға нұсқаулық беріп, қолдау көрсету қажет. Мұндай оқушылар функционалды тұрғыдан сауатсыз болып саналады. ЭЫДҰ елдерінде мұндай оқушылар үлесі орта есеппен 20,1%-ті құрайды.

PISA-2012 зерттеуімен салыстырғанда, 2015 жылы 2-деңгей тапсырмаларын орындай алмаған қазақстандық оқушылар үлесі төмендеді. Екі жыл үшін көрсеткіштер сәйкесінше 57% және 41,3%-ті құрайды. Алайда бұл көрсеткіш әлі де жоғары.

2-суретте PISA-2015 зерттеуі бойынша деңгейлердің әрқайсысы үшін сол деңгей тапсырмаларын орындай алған қазақстандық білім алушылардың үлесі көрсетілген. Бұл көрсеткішке тапсырманы орындай алған барлық білім алушы кіреді, яғни ол білім алушылардың кейбірі жоғарырақ деңгей тапсырмаларын да орындай алуы мүмкін. Мысалы, 3-деңгей тапсырмаларын орындай алған 18,8% білім алушының қатарына 4-5-6-деңгейлерге жете алған білім алушылар да кіреді. Әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда, Қазақстан білім алушылары аталған деңгей бойынша қатарластарынан едәуір артта қалған (Гонконг – 72,6%, Сингапур – 71,9%, Канада – 70,3%).

2-сурет. PISA-2015: қазақстандық білім алушылардың деңгейлер бойынша үлесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет