Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет23/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90
Түсіндірме: Бұл сұрақ оқу сауаттылығының 3-деңгейіне жатады. Сұраққа жауап беру үшін оқушылар ақпараттың кейбір бөліктері арасындағы байланысты анықтап, талдай алулары қажет. Мәтіннің бірнеше бөлігін біріктіре отырып, негізгі идеяны анықтаулары қажет, себебі мәтінде Макондо тұрғындарының мінез-құлқының себебін көрсететін үзінділер бар.

2-сұрақ. Мәтін соңында Макондо халқы неліктен ендігәрі кинотеатрға аттап баспаймыз деген байламға келді?

A. Олар көңілін аулап, бір сергімекке келгенімен, фильмдер тым шынайы, әрі тұңғиық бір қайғыға бөлейтінін аңғарды.

B. Олардың билет cатып алуға қалталары көтермеді.

C. Олар ішкі эмоцияларын шынайы өмірдегі тағдыр тауқыметіне сақтауға тырысты.

D. Жұрт эмоциясын шығару үшін келгенімен, фильмдер іш пыстырарлық, әрі сапасы сын көтермейтіндей болды.

Дұрыс жауабы: С



Түсіндірме: Бұл сұраққа жауап беру үшін оқушылар орта көлемдегі мәтін үзіндісінің негізгі идеясын анықтап алулары қажет. Оқушылардан мәтіннің белгілі бір бөлігіндегі ойды талқылау талап етіледі (соңғы сөйлем), алайда ақпарат жауап нұсқасында басқа сөздермен ұсынылған.

3-сұрақ. Мәтіннің соңғы абзацындағы «ойдан шығарылған жандар» дегеніміз кімдер?

A. Елестер

B. Көрмедегі өнертабыстар

C. Фильм кейіпкерлері

D. Актерлер

Дұрыс жауабы: С



Түсіндірме: 4-күрделілік деңгейіндегі бұл сұраққа жауап беру үшін оқушылар тұтас түрде берілген ақпаратты тауып, өзара байланыстырулары қажет. Бұл сұрақтың қиындығы – жауапты Макондо тұрғындарының көзқарасы тұрғысынан беру қажет. Оқушылардың нақты пікірлер мен жалпы көзқарас немесе тақырып бойынша қорытындылар арасындағы байланыстарға баға бере алулары керек.

4-сұрақ. Макондо тұрғындарының кино құндылығы туралы ойымен келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды олардың пікірімен салыстыра отырып, жауабыңызды түсіндіріңіз.

Түсіндірме: 5-деңгейдегі бұл сұраққа жауап беру үшін оқушылар өздерін Макондо тұрғындарының орнына қоя отырып, толық жауап берулері қажет және олардың көзқарастары бойынша «кино дегеніміз не?» деген сауалға түсініктеме берулері керек. Оқушының қорытындысы оның жеке көзқарасына қарама-қайшы болуы мүмкін. Сұрақтың күрделілігі де осы қарама-қайшылықта жатыр.

Дереккөздер:

  1. «PISA-2018: результаты Назарбаев интеллектуальных школ» / Е. Сабырұлы, Н. Черкашина. – Нур-Султан: АО «Информационно-аналитический центр», 2020 г. – 14-19-с.

  2. http://edu-marathon.org/pisa2018results

  3. «PISA-2018/компьютерлік формат халықаралық зерттеуі құралдары»: Жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ. Астана, 2016 – 63-б.

1-тапсырма

Тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

1. 2018 жылғы PISA оқу сауаттылығының ерекшелігі – ең төменгі жетістік деңгейін көрсеткен оқушылардың орындай алған дағдылары нақты көрсетілді. 

дұрыс


2. 2012 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 2015 жылы 2-деңгейдегі тапсырмаларды орындай алған қазақстандық оқушылар үлесі артты.

дұрыс


3. PISA-2015 зерттеуінде 2-деңгейдегі тапсырмаларды орындай алған қазақстандық оқушылар үлесі орындай алмаған оқушылар үлесінен кем.

бұрыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет