Функционалды сауаттылық пен жаңартылған білім беру мазмұны
5-сынып
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландыру мәтіндері, олардың құрылымы мен ресімделуі; нақты ақпаратты таба білу, дереккөздерден қажетті ақпаратты алу;
6-сынып
Мәтіндерді мазмұны мен тақырыбы, тілі тұрғысынан салыстыру; негізгі және қосымша ақпаратты ажырату; өзіне қажетті ақпаратты тауып, іріктеу; дереккөздерден қажетті ақпаратты алу және сілтеме жасау;
7-сынып
Тұтас және тұтас емес мәтіндерге (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) интерпретация жасау; мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін ажырату; хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазба мәтіндері және олардың құрылымы мен ресімделуі; мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, мақсатты аудиториясын салыстыру; мәтінге пікір білдіру дереккөздерден қажетті ақпаратты алу және сілтеме жасау;
8-сынып
Тұтас және аралас мәтіндерді (кесте, диаграмма, сызба, сурет) салыстыру; публицистикалық және ғылыми стильдің ереркшеліктерін ажырату; мақала, аннотация, презентация мәтіндері және олардың құрылымы мен ресімделуі; әртүрлі стильдегі мәтіндерді тақырыбы мен мәтін түріне (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) қарай салыстыру; мәтінге талдау жасау; дереккөздерден қажетті ақпаратты алу және мақсатқа сай қолдану;
9-сынып
Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, интепретация жасау; стильдердің тілдік қолданыстарын талдау; мақала, аннотация, презентация, тұжырымдама, тезис мәтіндері және олардың құрылымы мен ресімделуі; түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыру; мәтінге оқырман тарапынан сұрақ қою; дереккөздерден өзіне қажетті ақпаратты таба алу, авторына сілтеме жасау және мақсатқа сай қолдану.
Сыныптар арасында жоғарыда көрсетілген дағдыларды қалыптастыру оқу бағдарламасының мазмұнында оқылым бөлімінің төмендегі бөлімшелері аясында біріктірілген.
Ақпаратты түсіну
Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу
Оқылым стратегияларын қолдану
Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
Дағдылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын кеңейіп, күрделеніп отырады әрі PISA оқу сауаттылығының деңгейлеріне қойылатын талаптарға (оқушы мәтінді түсініп, талдай алуы, оған баға бере алуы, оқығаны туралы ойланып, көзқарасын білдіре алуы қажет) сәйкес келеді.
Сауаттылық деңгейін анықтау үшін PISA тестінде білім алушыға әртүрлі жанр мәтіндері беріледі. Мәтіндерде ақпарат түрлі формада ұсынылады, айталық, диаграмма, сурет, карта, график, кесте және с.с. Зерттеуде қарастырылған осындай мәтін түрлерімен жұмыс жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының оқу мақсаттарында айқын көрініс тапқан:
7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;
8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.
Төменде PISA бойынша «Ақпаратты табу» құзыреттілігін қалыптастыру аясында күтілетін нәтижелеріне сәйкес келетін «Қазақ тілі» оқу бағдарламасының оқу мақсаттары ұсынылып отыр (1-кесте):
1-кесте. «Ақпаратты табу» құзыретілігі бойынша күтілетін нәтижелер мен оқу мақсаттарының байланысы
Достарыңызбен бөлісу: |