Сұрақ түрі
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша PISA тестінде ашық және жабық сұрақтардың жалпы үлесі сақталады.
Ашық сұрақтар сараптамалық бағалауды қажет ететін көп немесе аз жауапты қамтиды.
Оқушылардың жабық сұрақтарға жауаптары сараптамалық бағалауды қажет етпейді, олар автоматтандырылған режимде бағаланады. Классикалық жабық сұрақтар дайын түрде берілген төрт-бес нұсқадан бір дұрыс жауапты таңдауды қамтиды. Жабық сұрақтардың неғұрлым күрделі түрлері, мысалы, әңгімелеу оқиғаларын уақыт тізбегіне орналастыруды қамтиды (мысалы, қажетті сандарды берілген оқиғалар тізіміне қойыңыз). Сараптамалық бағалауды қажет етпейтін сұрақтардың санатына оқушының бір немесе екі сөз жазу тапсырмасын жатқызуға болады, мысалы, мәтіннен сөз жазу (мәтінде сұраққа дұрыс жауап беретін бір ғана сөз бар деген сияқты тапсырманы айтуға болады).
Мәтінге рефлексия және бағалау үшін берілген сұрақтың ашық формасы негізгі болып табылатынын атап өткен жөн, өйткені мұнда, ең алдымен, оның бағалауының "дұрыстығын" емес, оқырманның ойлау сапасын бағалау қажет.
1-кестеде PISA-2009-да берілген сұрақтардың әртүрлі формалары арасындағы байланыс көрсетілген.
1-кесте. Үш оқушы құзыреттілігін өлшейтін әртүрлі сұрақтар арасындағы қатынас
Оқушы құзыреттіктері:
|
Сараптамалық бағалауды талап ететін сұрақтар %
|
Сараптамалық бағалауды талап етпейтін сұрақтар %
|
Тестегі % көрсеткіші
|
Ақпаратты табу және іріктеу
|
11
|
14
|
25
|
Біріктіру және түсіндіру
|
14
|
36
|
50
|
Рефлексия және бағалау
|
18
|
7
|
25
|
Барлығы
|
43
|
57
|
100
|
Ойымызды қорытындыласақ, оқу сауаттылығы аясында кездесетін бірқатар кедергіні жою қажеттігі көрінеді. Олар:
Педагогикалық қауіп-қатердің екі тобына тиісті көмек көрсету қажет. Ол – «әлсіз» және «күшті» оқырмандар тобы.
Оқу сауаттылығын құрайтын үш негізгі құзыреттіліктің дамуын теңдестіру қажеттігі.
Осы тұрғыдан алғанда мектепте жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарына орай барлық оқу материалын талдау орынды. Бұл жағдайда 8-9 сыныптарға ерекше назар аудару керек. Себебі халықаралық тестілеуде осы оқушылардың оқу сауаттылығын зерттейді. Әрі қазіргі білім берудің негізгі нәтижесін – оқу нәтижесін көрсететін маңызды кезең болып саналады.
PISA нәтижелері бүкіл әлемге, оның ішінде 15 жастағы оқушыларға, мысалы, ақпаратты біріктіру, түсіндіру, рефлексия жасау, бағалау оңай емес екенін көрсетті. Қазіргі ақпараттық кеңістіктің тенденцияларын түсініп, тест нәтижесін саралай отырып, Қазақстанда білім беру мазмұны жаңартылды, мектеп оқулықтарын қайта құрастыру, оны тәжірибеге енгізу басталды. Негізгі оқу дағдыларын игеретін мәтіндердің коммуникативті және жанрлық әртүрлігі артты.
Достарыңызбен бөлісу: |