Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет51/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90
Тапсырма

Автордың оқиғаның бастапқы бөлігінде пантераны қалай сипаттайтынына бірнеше мысал келтірейік:

«оны кенет шыққан қатты дауыс оятып жіберді, шыққан дауыстан сағыныштың табы сезілетін еді...» (35-жол).

«Жауап ретінде тағы да қатты айқайлаған дауыс шықты, бірақ бұл жолғы дыбыс жүректі соншалықты селт еткізбеді, шаршаңқы шықты» (45-46-жолдар).

«... алыстан олардың (пантералардың) зарлы үндерін еститін» (53-жол).

Әңгімедегі оқиғаларға назар аудара отырып, автордың пантераны сипаттау үшін неліктен дәл осындай суреттеуді қолданатынын түсіндіріңіз.

Тапсырманы орындауды бағалау:

Қызметі: мәтінді интепретациялау

Мәтін форматы: тұтас

Жағдаят: жеке

Код 3: Жауапта сипаттаудың аяныш сеземін тудыратыны айтылады не болмаса автордың оқырманға әсер етуі осындай сөз қолданыстарын пайдалануы туралы болжам айтылады. Сондай-ақ әңгіменің қалған бөліктерінің мазмұны туралы да сөз қозғалады. Жауап нұсқаларында:

А. Дәйексөз ретінде алынған сипаттаулар әйел мен пантераға ортақ жағдайды, яғни екеуінің де қиналып жүргенін НЕМЕСЕ

В. Дәйексөз ретінде алынған сипаттаулар оқырманды әңгіме жалғасында айтылатын сәтке, яғни әйелдің пантераға аяушылық танытаны туралы тұсқа дайындайды НЕ БОЛМАСА



С. Пантера аяушылық нышаны ретінде сипатталады.

  • Пантераның даусы адамның даусына ұқсайды, оның осы қыры оны әйелге ұқсатады, сондықтан екеуін де аяйсың (пантераны мен адам/әйел арасындағы байланыс туралы айтылып тұр (1); оқырманға тигізетін әсері де анық айтылған);

  • Пантераның да су тасқынының құрбаны екенін бірден түсінуге болады («да» жалғаулық шылауы пантера мен адамдардың байланысын көрсетіп тұр (1); оқырманға тигізетін әсері де анық айтылған);

  • Әйел дауыс иесінің кім/не екенін білмесе де, оның пантераға деген аяушылық сезімі болды (мәтіннің жалғасында айтылатын әйелдің аяушылық сезімінің пайда болуы туралы үзіндімен байланыстырады (2), алайда автордың көзқарасы немесе оқырманға ықпалы туралы айтылмайды);

  • Пантераға деген аяушылық сезімің оянады (нақты болмаса да, сипаттаудың сырын түсінетіндігі байқалады (3); оқырманға ықпалы туралы айтылып тұр);

  • Осының барлығы тым аянышты және қайғылы (нақты болмаса да, сипаттаудың сырын түсінетіні байқалады (3); автор көзқарасы туралы нақты айтылмаған).

Код 2: Жауапта аяушылық сезімін тудырудан бөлек, дәйексөздерде айтылған ойларға ұқсас ықтимал басқа да себептер көрсетіледі. Пікірлер мәтінді түсінуін көрсетеді. Автор көзқарасы немесе оқырманға ықпалы нақты айтылған немесе болжамды түрде ұсынылған. Мәтіннің басқа бөліктеріне сілтеме нақты көрсетілген немесе болжамды түрде ұсынылған. Жауап нұсқаларында:

  1. үрей тудыратын не болмаса жұмбақ оқиға секілді әсер беретін тұстар (жауапта «қорқыныш тудыратын» немесе «шошытарлық» дейтін сөздер қолданылса, келтірілген контексті оқушының толыққанды түсінбегені деп бағалауға болатынын ескертеміз, ал «қызық», «жеңіл», «анық» дейтін сөздер мүлде сәйкес келмейді) НЕМЕСЕ

  2. пантера әйелдің көзқарасы тұрғысынан сипатталаған деген ой.

  • Себебі үрей туғызады, шын мәнісінде дауыстың қай жақтан шығатыны белгісіз (1).

  • Оқырман біртіндеп пантера туралы айтуға дайындала бастайды (1).

  • Әйел секілді сіз де бұл айқайдың не екенін білмейсіз (1) мен (2) бірігуі (1).

  • Олар әйелдің пантераға деген сезімін айтып тұр (2).

Код 1: Жауапта келтірілген сипаттамаларда бар нақты ақпарат беріледі. Пікірлер мәтінді түсінгенін көрсетеді. Автор көзқарасы немесе оқырманға ықпалы туралы нақты айтылады немесе болжамды түрде беріледі. Мәтіннің қалған бөліктеріне сілтеме жасалады немесе болжамды түрде ұсынылады. Жауап нұсқаларында:

  1. патераның шынайы сипаттамасы НЕМЕСЕ

  2. сипаттаманың әңгімеде айтылған нақты жағдаяттар мен оқиғаларға сәйкестігі айтылады.

  • Пантера – жабайы аң, ал жабайы аңдардың дауысы қатты болады (1).

  • Пантера аш болатын, аш жыртқыш осындай дыбыс шығарады (1).

  • Патераның дауысына әйел назар аударды, себебі қараңғы болатын, ол тас қараңғыда оны көре алмас еді (2).

  • Әйел пантераның дауысын естігенде мұндай дыбысты бұрын естігені туралы есіне түсірді (2).

Код 0: Жеткіліксіз немесе анық емес жауап берілген:

  • Олар бұл оқиғаны қызық ете түседі.

  • Бұл сипаттаудың мықты тәсілі НЕМЕСЕ материалды түсінбегенін көрсетеді не болмаса сұраққа қатыссыз, шындыққа жақын емес жауап ұсынылады.

  • Пантера әйелді жегісі келгендей озбыр дыбыс шығарды. (дәлелсіз)

  • Бұл сипаттаулар оқырманды қорқыту үшін берілген. (нақты емес)

  • Оқиға пантераның атынан баяндалған. (нақты емес)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет