Сабаққа smart- мақсат қоюдың қаншалықты тиімді екенін түсіндіру. Мұғалімдерге сабаққа мақсат қоюдың тиімді жолдарын көрсету



бет3/4
Дата30.01.2022
өлшемі19,14 Kb.
#24548
түріСабақ
1   2   3   4

Кластер құру

10 мин

Әр топ мақсат дегенді қалай түсінетіні жайлы кластер құрады.

Топтар бір-бірін «Сэндвич» әдісі бойынша бағалайды.




Ватман, маркерлер

Идеялар себеті

10 мин

1.Әр қатысушы SMART- мақсат туралы білетіндерін есіне түсіріп, жазады. (1-2 минут)

2. Топпен ақпарат алмасу жүзеге асады (қатысушылар бір-бірімен білімдерімен бөліседі, талқылау уақыты – 3 минуттан аспайды);

3. Әр топ шеңбер бойынша қандай да бір деректі немесе фактіні атайды, бұл ретте бұрын айтылғанын қайталамайды (идеялар тізімі жасалады);





Презентация

5 мин

SMART- мақсат туралы презентация көру

Мақсат дегеніміз — нақты күні белгіленген соңғы нәтиже.

1.Specifik Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты  емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қаншауақыт (сағат,тәулік, ай,жыл  немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.

2.Мақсат өлшенетін болу керек.  Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3.Мақсат қолдан келерлік болу керек.  Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, 9-сыныпты аяқтап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.

4.Мақсат шынайы болу керек.  Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт(турист емес) болам» деген мақсат- бұл жаста қол жетпейтін жағдай.

5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.(Мысалы: 5 апта ( шектік) қол жеткіземін деген сияқты)

1981жылы Джордж Доран енгізген.

Specifik- арнайы, нақты;

Measurable-өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;

Achievable-қолжетімділік;

Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет