SMART- мақсат туралы презентация көру
Мақсат дегеніміз — нақты күні белгіленген соңғы нәтиже.
1.Specifik Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қаншауақыт (сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.
2.Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.
3.Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, 9-сыныпты аяқтап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.
4.Мақсат шынайы болу керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт(турист емес) болам» деген мақсат- бұл жаста қол жетпейтін жағдай.
5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.(Мысалы: 5 апта ( шектік) қол жеткіземін деген сияқты)
1981жылы Джордж Доран енгізген.
Specifik- арнайы, нақты;
Measurable-өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;
Achievable-қолжетімділік;
Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;
Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.
|