Пән: Философия
Тақырып: №15
Практикалық сабақ: .«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстанның философиясы
Тапсырма №1.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: 1.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты құндылықтарын талдаңыз? Мәңгілік Ел идеясы – ұлтымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы. Оның негізінде саналы тіршілік иесінің қоршаған ортаны игеруге деген мол құштарлығы жатыр. 2014 жылдың басында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады.
Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз. Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият. Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
Мәңгілік Ел, бұл - Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.
Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.
Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Тапсырма №2. 2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік Бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталыңыз? «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену.
Елбасы қоғамды да, сондай-ақ әрбір азаматты да жаңғыртудың бірқатар негізгі бағыттарын ерекше бөліп көрсетіп отыр.
Біріншіден, бұл - бәсекеге қабілеттілік, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға негізделген тың жаңалықтарды әлемге ұсыну қабілеті.
Екіншіден, бұл - прагматизм. Ол бірқатар әдеттер мен таптаурындықтардан бас тартуды да, сонымен бірге ұлттың прагматикалық мінез-құлқы мен ұтымды ойлауын, ата-бабалар дағдыларының тарихи тәжірибесін де қамтиды.
Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтау, бүгінде, барлық жағымсыз нәрселерге дәстүр мен салт-сананы қарсы қоюға болады. Сонымен бірге, біз ұлттың дамуына кедергі келтіретін өткеннің сарқыншақтарынан арылуымыз керек.
Төртіншіден, білім салтанаты - ұлттың жетістігі. Алдағы технологиялық революция қазіргі жекелеген кәсіптердің жойылуына алып келген кезде, білім - қол жеткізер табыстың ең іргелі факторы болмақ.
Бесіншіден, тек қана эволюциялық даму біздің өркендеуімізге жол ашады, бұл жаңғыру идеологиясының қағидаты және Қазақстанның әрбір азаматының ішкі сенімі.
Алтыншыдан, сананың ашықтығы, аума-төкпе заманда қоғамның және әрбір адамның өзгеріске дайын болуы.