Сабақта біз «Оқу-тәрбие процесінде темперамент типтерімен санасу жолдары»



бет2/4
Дата04.02.2022
өлшемі62,64 Kb.
#24846
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: МІНЕЗ
Лекция жоспары:
1.Мінез процесі жайлы жалпы түсінік

2.Ұлттық мінез

3.Мінез бітістері және мінез акцентуациясы

4.Мінез типтері



Лекция материалдары:

1-сұрақ. Темпераментті- генотип, мінезді- фенотип деп атайды. Себебі, темперамент туа пайда болады, мінез жүре қалыптасады.

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп, беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады.Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

«Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «charakter» деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Психологияда бұл-дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.

Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған- ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. ІҮ-ІІІ ғ.). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (ХҮІІІ ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған.Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл-әрине, темпераментке кері анықтама.Өйткені, темперамент- адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті.Осы көзқарасқа орай, мінез-адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.

ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.



И.Кант (ХҮІІІ ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер,Фулье т.б. мінездің туа пайда болумен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады.Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.

Мінездің физиологиялық негізін жан-жақты түсіндірген орыс физиологы И.П.Павлов.Ол адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет