Сабақта біз «Оқу-тәрбие процесінде темперамент типтерімен санасу жолдары»



бет3/4
Дата04.02.2022
өлшемі62,64 Kb.
#24846
түріСабақ
1   2   3   4
2-сұрақ. Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы- тарихи шындық және обьективті фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ы.Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез-құлқына тән бірсыпыра қасиетттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылық сияқты қасиеттер тән.Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар.Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандылығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істеріне төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттерді психология ғылымының бір саласы- этнопсихология зерттейді.
3-сұрақ. Мінез құрылымындағы қасиеттер. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп аталады. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады.Олар-адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:

  • Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.

  • Адамның жеке басының ерекшелігі,белсенділігі.Бұл қасиет- мінездің күші.Осыған орай адам жақсы,мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.

  • Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгішітігінің ерекше мәні бар.Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.




Мінез бітістері өмір барысында қалыптасады . Негізінен мінез бітістерін топтастырып мынадай 4 топқа бөлуге болады .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет