Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары


Швед ғалымы Йёнс Якоб Берцелиус



бет2/3
Дата14.03.2023
өлшемі33,52 Kb.
#74210
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сабақ жоспары "Тұздар" 8-сынып

Швед ғалымы Йёнс Якоб Берцелиус
(1779 - 1848)
Тұздар ерте заманнан белгілі. 1812 жылы  Я.Берцелиус тұздардың электрхимиялық теориясын құрды
Тұздар - металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат . Немесе
Тұздар – химиялық
қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар
Тұздардың түрлерi
Тұздар орта, қышқыл, негіздік, қос және кешенді болып бөлінеді.
Орта тұздар – сутек атомдары толық ауысса (Na2CO3, K3PO4, MgSO4);
Қышқыл тұздар – сутек атомдары металл атомдарымен біртіндеп алмасса (NaHCO3, K2HPO4);
Негіздік тұздар – құрамына гидроксил тобы енсе (MgOHCl, A1(OH)2Cl),
Қос тұздар – сутектің орнын бірнеше металл катиондары басса (KAl(SO4)2, NaK2PO4);
Кешенді тұздар – құрамында кешенді катион ( [Cu(NH3)4]SO4) немесе кешенді анион (K[Fe(CN)6]) болса түзіледі.
Тұздар көбіне халықаралық номенклатура бойынша аталады. Тұздар суда ерігенде иондарға ыдырап, ерітінділері электр тогын өткізеді.
Гидролиз тұрғысынан тұздар 4 топқа жіктеледі:
күшті негіз бен күшті қышқылдан;
күшті қышқыл мен әлсіз негізден;
әлсіз негіз бен күшті қышқылдан;
әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген.
Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардан [KCl, NaCl, Ca(NO3)2] басқасы гидролизденеді. Тұздар қышқылдармен, сілтілермен және өзара ион алмасу реакцияларына түседі, металдармен әрекеттеседі. Тұздарды алудың 10-нан аса жолы бар. Тұздар табиғатта кең таралған. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібіндеауыл шаруашылығындамедицинадаметаллургияшыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады.




Соңы
36-45 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет