«Бірге ойлаймыз» әдісі.
Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
«Детектив» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
«Коллаж әңгіме» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
« Ыстық орындық» әдісі.
Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
«Автор орындығы»
Оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
«Айналмалы бекеттер»
Айналмалы бекеттер стратегиясын орта буынды қолданған дұрыс деп ойлаймын.
«Менің сөзім» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
«Бинго» ойыны
(Мұғалімдермен жұмыс)
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
Мыс: «Әдіс алмасу үшін»
Достарыңызбен бөлісу: |