Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындар Қ ұрметті ұстаздар!



бет10/16
Дата13.03.2023
өлшемі1,5 Mb.
#73714
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
әдіс -тәсіл кітапша

« 9 - ромб» әдісі
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
«Ақпаратпен бөлісу»
1-ші оқушыда ақпараттың 50% бар. 2-ші оқушыда ақпараттың 50% бар.
Жұптар бір-бірінің ақпараттарын толықтырады. Жұптар сыныппен жұмыс жасайды.


«Детальдарын қосу» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс)
Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерінкөрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!


«Логикалық тізбекті ажырату»

Бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған тиімді.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін жүйелілікке келтіру тапсырылады.




«Маршрут» ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.
«Еске түсіру» ойыны.
Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет