«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
«Пирамида» әдісі
Әңгіменің кейіпкерлерін табу, сол кейіпкерге мінездеме жазу.
«Дыбыстау»
Фильмен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру арқылы көмектесуіне болады.
Б ірге ойлаймыз» әдісі
Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа таратуда қолданылады.
1 минуттағы ой
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек.
Кубизм әдісі.
Мағынасы терең және қызықты стратегияның бірі.
Т ақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызады.
Алты қыры бар:
Кубик қырлары бойынша жұмыс ауызша, жазбаша, аралас түрде жүруі мүмкін
«Лездеме!» әдісі.
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Конверттен бір сөзді бір рет алу
Сөздің өзін атамай түсіндіру
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
Достарыңызбен бөлісу: |