210. «Мүмкін» Сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға және зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында «мүмкін» деген сөз орамын қолданыңыз. Мысалы, Демократияның маңызы қандай? Демократияның мәні қандай болуы мүмкін? Бірінші сұрақ мұғалімге таныс, жалғыз ғана жауапты көздейді.
Ал екінші сұрақ анағұрлым ашық болып көрінеді.
211. «Мынандай адамды табыңыз...» Оқушылар топ ішін аралап, төмендегі кестеде көрсетілген ерекшеліктер барларын жазып, 4-6 адамнан тұратын шағын топ құрайды, бір-бірімен жақынырақ танысады.
212. «Нақтылық – талант» Сынып 3-4 адамнан топқа бөлініп, бір-бірінен алысырақ орналастырылады. Мұғалім 3 классикалық әдебиет тізімін ұсынады. Әр топтың міндеті осы 3 әдеби шығарманы 3 сөйлеммен сипаттау керек. Сөйлем құрылымы ерікті. Мұнан соң әр топ өз сөйлемдерін оқып, оны басқа топтар талқыға салады.