Мақсатын анықтауға арналған оқылым Оқушыларға шағын топта әрбір мәтіннің мақсатын және мақсатты
аудиториясын талқылау үшін үш мәтін беріледі: проспект (анықтамалық), саясибаяндама (біреудің көзін жеткізу) және қайырымдылық хат (үндеу).
Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады.
Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, әртүрлі мақсатта/әртүрлі аудиторияғаарнап жазылған кем дегенде үш мәтін табуды сұрайды. Кейін мәтіндердіұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады,
айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып алады.
Бұл мәтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Оқушылар жұптасып оқырман мәтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік
қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды.
Стильді анықтауға арналған оқылым Оқушылар жұптасып екі мәтінді зерделейді, олардың жанры мен мазмұны
ұқсайды, бірақ стилистикалық деңгейлері әртүрлі, мысалы, жасөспірім достарарасындағы диалог және жасөспірім бала мен мұғалім/ата-ана арасындағыдиалог. Оқушылар жазба жазып, сөйлемдердің лексикасы, грамматикасы жәнеқұрылымдарындағы айырмашылықтарға қатысты кері байланыс ұсынады.
Оқушыларға ұқсас ақпарат ұсынылады - мысалы, көркем әдебиет, нұсқаулықтанүзінді, мерекелік брошюра және туысқанға жазылған хат сияқты әртүрлі жанрдажазылған (әйгілі) жердің сипаттамасы. Оқушылар мұғалім атағанмәнмәтіндердің біріне әрбір жазбаның сәйкестігін анықтап, нәтижелерін жазады(«Қай мәтін нұсқаулықтан алынған? Оны қалай дәлелдей аласыз?»)
Оқушылар стильдердің бірін талдау үшін топтасып жұмыс істейді, сосын
мәтіндердің бірі туралы өз пікірлерін мысал келтіре отырып, сыныптағы қалғаноқушыларға таныстырады.
Оқушылар белгілі бір мәтінді дауыстап оқиды және сынып болып оның сарыныстильмен қалай байланысатынын, яғни тілдік қолданыс пен сөйлемдердіңқұрылымы арқылы эмоция қалай берілгенін талқылайды.
Оқушылар әдетте қандай жанрларда образдардың қолданылатынын, ал
қайсыларында қолданылмайтынын және бұның себептерін талқылай алады.
233. «Он сұрақ» «Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю:Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.