Сабақта қолданылатын


«Көңіл- күйімді тап»жаттығу



Pdf көрінісі
бет102/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
sabaқtyi қyizyiқtyi өtkіzudі%D

«Көңіл- күйімді тап»жаттығу 
Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен эмоциядағы суреттер таратылады. 
Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, 
адамдарда мұндай көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?» 
Осындай көңіл-күйді пантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары 


59 
қайталайды. Нақты, анық көрсетуге тырысу қажет (қимылды, мимиканы, белгілі бір 
сөзді қолдана отырып). Топтың қалған мүшелерінің міндеттері –бұл эмоцияны табу, 
басқа адамның уайымын сезіне білу, оны көре білу және шеше білу. 
«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған 
жаттығу 
Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер оң қолымызға лимонды ұстап, оның 
шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты 
қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты 
боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! 
Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды 
бұрып, арқамызды созамыз! 
 
«Жел соғады...» жаттығуы 
Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..» Қатысушылар 
бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет «Жел 
соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі барларға 
немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып, жел соққан 
сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады. 
 «Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу 
Өткен жаттығудың жалғасы ретінде, қатысушыларға төмендегідей сәттер 
болғанда өзімізді қалай сезінетінімізді еске түсіріп, мимика және пантомимамен 
көрсету ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі. 
Бізге ұрысып жатыр
✓ Бізді мақтап жатыр; 
✓ Бізге қорқынышты; 
Бізге көңілді
✓ Тақтада жауап беріп тұрмыз;
✓ «5» алдық; 
✓ «2» алдық;
Жұмысты аяқтау, нәтижесін пысықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет