7.1.2.3.нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттін білу;
7.1.2.4. бүтін көрсеткішті дәреженің сандық мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:нөл және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және берілген санды дәреже түрінде жазады;
Оқушылардың басым көпшілігі:нөл және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, дәреженің мәнін есептейді;
Кейбір оқушылар:нөл және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, күрделі есептерді дәлелдеп шешеді
Бағалау критерийлері
Нөл және бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасы мен қасиеттерін түсінеді;
Нөл және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып есептер шығарады;
Нөл және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып күрделілігі жоғары есептерді дәлелдейді.
Тілдікмақсаттар
Оқушы нөл, бүтін, теріс, көрсеткіш, дәреже, негіз ұғымдарын ажыратады.
Пәнге тән лексика мен терминология:бүтін көрсеткішті дәреже, дәреже көрсеткіші нөлге тең дәреже, бүтін теріс көрсеткішті дәреже.
Диалогтар мен сөз тіркестері:
Дәреже дегеніміз не?
Дәреже көрсеткіші нөлге тең дәреже неге тең?
Бүтін теріс көрсеткішті дәреженің қасиеттерін айтыңыз.
Натурал және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің ұқсастығы неде?