HCl ерітіндісімен суланған шыны таяқшаның жанында түтін түзілуі арқылы.
Реакцияның орындалуы.
Пробиркадағы аммоний тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы NaOH немесе KOH ерітіндісін қосып қыздырады. Аммиактың бөлінгенін алдында көрсетілген тәсілдердің бірімен байқауға болады.
2. *Несслер реактивінің әсері.
Несслер реактиві K2[HgI4]+KOH қоспасы, ол аммоний иондарымен қызыл-қоңыр тұнба түзеді:
Реакцияның орындалуы. Аммоний тұзы ерітіндісінің 1 тамшысына 5-6 тамшы су, 1-2 тамшы Несслер реактивін қосады. Тұнба түзілуін байқайды. NH4+ иондарының концентрациясы өте төмен болған жағдайда ерітінді қызғылт- сары түске боялады.
3. **Аммоний иондарын ерітіндіден кетіру. Аммоний иондары Na+, K+ иондарының анықталуына кедергі жасайтын болғандықтан, оны ерітіндіні буландыру арқылы одан ұшырады.
Аммоний тұздарын қыздырғанда олар мына реакция бойынша ыдырайды:
t0 NH4Cl → NH3 ↑ + HCl
Реакцияның орындалуы. Тигельге зерттелетін ерітіндінің 5-6 тамшысын құйып, буландырып, құрғақ қалдықты ақ “түтін” бөлінуі аяқталғанша қыздырады. Тигель суығаннан соң құрғақ қалдықты 3-4 тамшы дистилденген суда ерітіп, ерітіндіден 1 тамшы алып пробиркада Несслер реактивімен NH4+ ионын анықтайды. NH4+ толық жойылмаған кезде ол толық NH3 түрінде ұшып кеткенше операцияны бірнеше рет қайталайды,.