Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион



бет5/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Зертх.сабақ №1-2.2016.

3. **От жалынының боялуы.
Калий тұздары от жалынын күлгін түске бояйды. Калий хлоридін алған дұрыс, өйткені бұл қосылыс ұшқыш.
NH4+ катионының реакциялары
І. *Сілтілердің (NaOH, KOH) әсері.
Аммоний тұздарын сілтілермен қыздырғанда аммиак газ күйінде бөлінеді:
NH4Cl + NaOH  NH4OH + NaCl
t0
NH4OH  NH3 ↑ + H2O

Реакция өте сезгіш реакцияларға жатады. Түзілген NH3 газын бірнеше тәсілмен байқауға болады:


  1. өткір иісі бойынша;

  2. қызыл лакмус қағазының көгеруі бойынша;

  3. HCl ерітіндісімен суланған шыны таяқшаның жанында түтін түзілуі арқылы.

Реакцияның орындалуы.

Пробиркадағы аммоний тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы NaOH немесе KOH ерітіндісін қосып қыздырады. Аммиактың бөлінгенін алдында көрсетілген тәсілдердің бірімен байқауға болады.




2. *Несслер реактивінің әсері.

Несслер реактиві K2[HgI4]+KOH қоспасы, ол аммоний иондарымен қызыл-қоңыр тұнба түзеді:



немесе:

Реакция өте сезімтал. Аммоний ионының бұл реакциямен анықталуына калий, натрий иондары кедергі жасамайды.


Реакцияның орындалуы.
Аммоний тұзы ерітіндісінің 1 тамшысына 5-6 тамшы су, 1-2 тамшы Несслер реактивін қосады. Тұнба түзілуін байқайды. NH4+ иондарының концентрациясы өте төмен болған жағдайда ерітінді қызғылт- сары түске боялады.


3. **Аммоний иондарын ерітіндіден кетіру.
Аммоний иондары Na+, K+ иондарының анықталуына кедергі жасайтын болғандықтан, оны ерітіндіні буландыру арқылы одан ұшырады.
Аммоний тұздарын қыздырғанда олар мына реакция бойынша ыдырайды:
t0
NH4Cl → NH3 ↑ + HCl
Реакцияның орындалуы.
Тигельге зерттелетін ерітіндінің 5-6 тамшысын құйып, буландырып, құрғақ қалдықты ақ “түтін” бөлінуі аяқталғанша қыздырады. Тигель суығаннан соң құрғақ қалдықты 3-4 тамшы дистилденген суда ерітіп, ерітіндіден 1 тамшы алып пробиркада Несслер реактивімен NH4+ ионын анықтайды. NH4+ толық жойылмаған кезде ол толық NH3 түрінде ұшып кеткенше операцияны бірнеше рет қайталайды,.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет