Қорытынды емтиханға жіберілетін ағымдық бақылау бағасы Пән бойынша қорытынды бағалауға ағымдық үлгерім және қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағасы кіреді. Ағымдық үлгерімін бағалаудың үлесі қорытынды бағалаудың 60% құрайды. Қорытынды бақылау бағасы пән бойынша білімін бағалау деігейінің 40% құрайды.
Пән бойынша қорытынды бағалау пайыздық көрсеткіш бойынша келесі формуламен анықталады:
Қ% = (АБ1+АБ2)/2 х 0,6 + Е х 0,4
1) АБ 1 – 1 аралық бақылаудың пайыздық көрсеткіші;
2) АБ 2 – 2 аралық бақылаудың пайыздық көрсеткіші;
Е - емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші.
Баллдық-рейтингтік жүйеде баға 50 баллдан төмен болған жағдайда, білім алушы ағымдық академиялық жылда қорытынды емтихан тапсыруға жіберілмейді. Қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы пәннің қорытынды бағалау көрсеткішін беруде академиялық қарызы бар білім алушы болып саналады.
1. 1-аралық бақылау (АБ 1) бойынша үлгерімінің жоғары деңгейі (7-апта) - 30%
2. 2-аралық бақылау (АБ 2) бойынша үлгерімінің жоғары деңгейі (15-апта) - 30%
3. Қорытынды емтихан(ҚЕ)- 40%
4. Пән бойынша үлгерімнің максималды деңгейі - 100%,
яғни АБ1, АБ2 және ҚЕ үлгерімі жиынтығы ретінде анықталады
* Сынақ кітапшасына баға әріптік және пайыздық үлгіде қойылады
Курс саясаты: Студент дәріс, практикалық және зертханалық сабақтарға дайындықпен келу керек. Зертханалық жұмыстарды уақытында қорғау, жұмыстың (практикалық, дәрістік және өзіндік) барлық түрін толық орындау талап етіледі. Студенттің белсенділігі, сабаққа кешікпеуі және қатыспай қалмауы ескеріледі. Жұмысты өз уақытында тапсырмаған жағдайда максимальды баллды 10% азайту қарастырылған. Егер, Сіз ағымдық емтиханға дәлелді себептермен (тек ауруына байланысты), келе алмайтын болсаңыз, онда Сіз оқытушыны емтиханға дейін ескертуіңіз және ауырғаныңыз туралы анықтаманы (емтихан өткеннен кейін 2 тәулік ішінде) кеңсе тіркеу бөліміне өткізуіңіз керек.
Академиялық мінез-құлық саясаты және этика Төзімді болыңыз, өзгелердің ойын құрметтеңіз. Қарсыластарыңыздың ойын дұрыс тұжырымдай біліңіз. Плагиат және өз еңбегіңіз болып табылмайтын жұмыс нысандарын пайдалануға жол бермеңіз. Емтихан кезінде басқадан көшіруге және басқаға бағыт беруге, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға болмайды.
Көмек: Өзіндік жұмысты орындау үшін, оларды тапсыру және қорғау, сонымен бірге өтілген материалдарға байланысты және оқылған курс бойынша барлық басқа да туындаған сұрақтарға қосымша ақпараттар алу үшін кеңес алуға оқытушымен жұмыс уақыты кезінде немесе электрондық жүйе құралдары арқылы байланысуға болады.