Сабақтары Әдістемелік құрал Исабаева Айман Турсымбековна Балқаш қаласы Шахмат сабақтары


Сабақтың мақсаты: Тұраның жүру жолдарымен таныстыру. Жолындағы фигураларды қалай жейтінін түсіндіру. Шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру



бет6/15
Дата24.11.2022
өлшемі52,78 Kb.
#52302
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Шахмат үйрену сабақтары

Сабақтың мақсаты: Тұраның жүру жолдарымен таныстыру. Жолындағы фигураларды қалай жейтінін түсіндіру. Шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
Әрбір ойнаушының екі-екіден тұрасы болады.
Тұра ферзіден кейінгі күшті фигура болып саналады. Оны шахмат нотациясында Л әрпімен белгілейді. Оның күшін екі жеңіл фигураға, яғни екі пілге немесе екі атқа теңестіруге болады. Тұра тіке және көлденең қатарлармен жүреді. Ол өзі түстес және қарсыластың фигураларының үстінен аттай алмайды. Егер жүріс кезегінде жолында қарсы жақтың пешкасы немесе фигурасы тұратын болса, оны жей алады. Мысалы ретінде тақтада түсіндірейін. Ақ жағының с3-тегі тұрасы а3-һ3 және с1-с8 бағыттарындағы шаршыларға жүре алады. Ал қарсылас жағының е5-тегі тұрасы а5-һ5, е3-е6 аралығындағы шаршы-ларға жүре алады. Ол үшін е2-дегі пешканы алады да, оның орнына өзі тұрады. Қағаз бетіне түсіргенде 1.Ле5:е2 болып жазылады. Қорыта айтқанда, тұраның (ладьяның) жүрісі өте қарапайым да оңай.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.


Сабақтың тақырыбы: Уәзірдің (ферзінің) жүрісі
Сабақтың мақсаты: Уәзірдің жүрістерімен таныстыру. Ферзь-ең күшті фигуралардың бірі екенін айтып өту. Шахмат ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме.
-Король қандай фигура? Ол қалай жүреді?
-Бүгінгі сабақта уәзірдің (ферзінің) жүрісімен танысамыз. Әрбір ойнаушының бір-бірден уәзірі (ферзісі) болады. Шахмат нотациясында Ф әрпімен белгіленетін ферзь ең күшті фигуралардың бірі. Оның бір өзінің күші екі тұраға (ладьяға) тең десе де болады. Осыған орай ол шабуылда қарсыласына аса қауіпті, ал қорғаныста бағалы фигура болып есептеледі. Оған мысал ретінде шахмат тақтасында уәзірдің жүрісін көрсетейін. d5-те тұрған ақ уәзір а2-g8, а8-һ1 диагональдарын-дағы, а5-һ5 (горизонталында) көлденеңіндегі, d1-d8тігіндегі (вертика-лында) шаршыларға жүре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет