ғана тарихнама пәндері оқытылады. Ұсынылып
отырған оқу-әдістемелік
құралы Қазақстан тарихының тарихнамасы пәнін оқытуға арналған.
Аталмыш құрал осы пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған.
Пәннің мақсаты мен міндеттері силлабуста көрсетілген. Оқытудың кредитті
технология жүйесіне көшуде және заманауи талаптарына сай білім беруде
осындай әдістемелік құралдар аса қажет. Дәрістерді оқуда, семинар
сабақтарын және студенттердің өздік жұмыстарын жүргізуде
әдістемелік
ұсынымдардың маңызы арта түсері сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан
тарихының тарихнамасы пәнін оқытатын оқытушылар және осы курсты
оқып-үйренетін студенттерге көмегі тиер деген ниетпен аталмыш оқу-
әдістемелік құралы ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік құралында дәрістердің,
семинар
сабақтарының тақырыптары, мақсаты, қарастырылатын негізгі
сұрақтары, өткізудің әдіс-тәсілдері, оқытушы мен студенттерге ақыл-
кеңестер берілген. Студенттердің өздік
жұмыстарының тапсырмалары,
дайындалу мен тапсыруға арналған ұсынымдар, қажетті әдебиеттер тізімі,
сондай-ақ реферат тақырыптары,
емтихан сұрақтары, тест сауалдары,
тарихнамалық кестелердің үлгілері қоса көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: