Дәстүрлі шаруашылық бойынша тарихнамалық таласты қарастыруда ең
алдымен оның теориялық мәселелерін зерттеген ғалымдар еңбектерінің
мазмұнын ашу қажет. Бұдан соң дәстүрлі
шаруашылықтың экономикалық,
әлеуметтік ерекшеліктерін көрсететін шығармаларға назар аударып, содан
кейін аталмыш таластың себептері мен салдарына тоқталған жөн. Бұл
мәселені сұрақжауап түрінде өткізген ұтымды. Сауалдарды студенттерге
өздеріне қойдырып, жауаптарды өзара бағалау
әдісін ұстану проблеманы
терең түсінуге мүмкіндік береді. Білім студенттің сұрақты дұрыс қойғаны,
жауап бергені үшін бағаланады.
Төртінші мәселенің ауқымдылығына байланысты тақырыптың мазмұныны
ашу үшін ең алдымен көрсетілген кезеңдегі отандық тарихнама ғылымы
дамуының негізгі үрдістеріне назар аудару керек. ХХ ғасырдың 20-90
жылдарындағы тарихнаманың дамуына ықпал еткен факторларды ашып
көрсетудің маңызы зор. Себебі олар кеңестік
тарихнаманың мәні мен
бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Тарихнамада терең әрі жан-жақты
зерттелген мәселелерді бөліп көрсету қажет.
Әдебиеттер: Асфендиаров С. История Казахстана. А., 1991.; Байтурсунов А.
Революция и киргизы // Жизнь национальностей. 1919. 3 августа.; Чокаев М.
Туркестан под властью советов.-А.,1991.; Cафаров Г.И. Колониальная
революция. Опыт Туркестана. М.,1921.; Рыскулов Т. Революция и коренное
население Туркестана. Ч.1. 1917-1919.-Ташкент., 1925.; Голощекин Ф.И.
Казахстан на путях социалистичекого переустройства. М-А-Ата., 1931.;
История Казахстана сдревнейших времен до наших дней. Под.ред.
А.Панкратовой. М.Абдыхалыкова. -А-Ата., 1943.; Вятин М.П. Батыр Сырым.
-А-Ата., 1965.;Г алузо П.Г. Туркестан – колония. - А-Ата., 1935.
Достарыңызбен бөлісу: